Қырғызстанның экс-президенті Жээнбеков сотқа жауап алу үшін шақыртылды

Қырғызстанның экс-президенті Сооронбай Жээнбековті Бішкек қалалық сотына бұрынғы премьер-министр Дүйшенбек Зилалиевтің ісі бойынша жауап алуға шақырды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі экс-шенеуніктің адвокаты Таалайгүл Тоқтақыноваға сілтеме жасап.

«Ол осы жылдың 3 ақпанында өтетін сот отырысына куәгер ретінде шақырылды. Дуйшенбек Зилалиевке «заңсыз баю» бабы бойынша айып тағылып отыр, ал оның заңсыз баюының бір жолы банк ұяшығынан бір миллион доллардың табылуы болған. Тергеу Зилалиев мемлекеттік қызметші болған соң оның мұндай ақшасы болуы мүмкін емес деп есептейді. Сооронбай Жээнбеков бұл ақшаға тікелей байланысты, себебі бұл ақша Сооронбай Жээнбековтің сайлау алды науқанына арналған болатын және менің қорғап отырған азамат (Сооронбай Жээнбеков — ескерту) ақшаны толығымен оған берді. Мұны бұрынғы премьер-министр Сапар Исаков растауы мүмкін», — деді заңгер.

Адвокаттың айтуынша, Зилалиев бұл айғақтарды тергеу шаралары кезінде берген.

«Ол кезде Сооронбай Жээнбеков президент болды және Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті бұл көрсеткіштерге тиіс баға берген жоқ, қаражат Зилалиевке тиесілі деп есептеді. Алайда, бұл жалған ақпарат болды, банктен ақша табылған видео желіде тарады, бірақ кадрда жазғы уақыт екені көрініп тұр. Зилалиев желтоқсанда ұсталды», — деді Тоқтақынова.

Экс-вице-премьер Дүйшенбек Зилалиев 2018 жылғы желтоқсанда қамауға алынды.

Бішкектің Первомай аудандық соты бұрынғы шенеунікті 2020 жылдың қазан айында 9 жылға бас бостандығынан айырды.

Қазір оның қорғаушыларының апелляциялық шағымы бойынша іс Бішкек қалалық сотында қаралып жатыр.

Армрестлингтен Әлем чемпионы атанған полицей оқушыларға шеберлік сабағын өткізді

Әлемдік спорт аренасында Қазақстанның абыройын асқақтатқан тәртіп сақшылары жас...

Исчезнувшая семья: следствие нашло ответ

РЕЗОНАНСНОЕ ДЕЛО В АТЫРАУСКОЙ ОБЛАСТИ ПОЛУЧИЛО РАЗВЯЗКУ. ТРАГЕДИЯ, НАЧАВШАЯСЯ...

Референдум күні әр екі сағат сайын дауыс беру барысы туралы ақпарат беріліп отырады

Барлық деңгейдегі референдум комиссиялары республикалық референдумды өткізуге дайындық жұмыстарын...

Тұғыры биік туған тіл

Тіл – ұлттың жаны, халықтың рухани тірегі. Әр халықтың...

Электронды сот отырысын ұйымдастыру – сот жүйесіндегі тиімді жаңашылдық

       Қазіргі уақытта ақпараттық технологиялардың дамуы қоғам өмірінің барлық саласына...