Ырғыз аудандық пробация қызметі есепте тұрған сотталғандарды кітапханадағы танымдық шараға қатыстырды

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты Ырғыз аудандық пробация қызметі аудандық орталық кітапхананың «оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі» ұйымдастырған танымдық сағатқа есепте тұрған сотталған азаматтарды қатыстырды.

Аталған іс-шара Ырғыздық Алаш қайраткері Баймен Алманов — Қазақ руханиятының жарық жұлдызы тақырыбына арналған. Танымдық іс-шараны өткізу кезінде кітапхана қызметкерлері Ырғыздық Алаш қайраткеріне библиографиялық шолу жасап, бейнероликпен қорытындылады.

Іс-шараның мақсаты — есепте тұрған сотталған азаматтардың рухани байлығын арттырып, мәдени көзқарасын қалыптастыру ,-дейді Ырғыз аудандық пробация қызметінің аға инспекторы әділет аға лейтенанты Есет Әбдіразақов.

Гүлфайруз Төремұратова,
Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз хатшысы

Өмір – басты құндылық

2026 жылғы 10 қыркүйекте №21 мекемесінде Дүниежүзілік суицидтің алдын...

Орташа қауіпсіздік мекемесінде сотталғандардың туыстарымен бейне кездесулер ұйымдастырылды

Абай облысы бойынша ҚАЖД-ның орташа қауіпсіздік мекемесінде сотталғандардың жақын...