12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

ҚЫМБАТШЫЛЫҚ ҚЫСЫП ТҰР

ҚАУІПТІ ІНДЕТ ЕЛІМІЗДЕ ТІРКЕЛГЕЛІ БЕРІ АЗЫҚ-ТҮЛІКТІҢ, КҮНДЕЛІКТІ ТҰТЫНУ ТАУАРЛАРЫНЫҢ БАҒАСЫ КҮРТ ҚЫМБАТТАП КЕТТІ. ҚҰЗЫРЛЫ ОРЫННЫҢ БАҒАНЫ БАҚЫЛАУДА ҰСТАУҒА ҚҰЗЫРЕТІ ЖЕТПЕЙ ҚАЛДЫ. ОСЫЛАЙША ХАЛЫҚТЫ АЯҚАСТЫ КЕЛГЕН ПАНДЕМИЯ БІР ҚИНАСА, НЕГІЗСІЗ КӨТЕРІЛГЕН БАҒА ЕКІ ҚИНАП ОТЫР.

«Азық-түлік бағасының өскенін байқасаңыз, мына нөмірлерге хабарласыңыз» деген ресми хабарлама басында үміт сыйлаған. Бір пәрменнің боларына сенгендер тәртіпке бағынбаған базарлар мен дүкендерді тізіп, бағаға әсері болар деген. Бірақ, тәубаға келген саудагер жоқ. Тәбеті әлі түспеген. Алматы қаласы Түрксіб ауданы кәсіпкерлікті және өнеркәсіпті дамыту бөлімінің бас маманы Рүстем ӘРІПБАЕВ: «Бағаны өсіргендерге арнайы шара қолдану үшін кәсіпкерлік инвестициялар басқармасына жолдаймыз. Олар әрі қарай қорытынды шығарады», – дейді. Бір сөзбен айтқанда бетімен кеткен бағаны дереу ауыздықтайтын жүйе болмай тұр. Бұл алыпсатарларға оңтайлы. Мұндай сәттерді олар құр жібермейді. Және бұған елдің де еті «өліп» кеткен. Мәселен Америкада тұратын отандасымыз Назым Космосбек «шетелде жүргеніме 5 жыл. Мұнда тауар бағасы тұрақты. Қандай жағдай болса да ауытқыған бағаны көрмедім» десе, Италияда тұратын студент Тимур Бұғыбаев «коронавирус кезінде медициналық маска, антисептик секілді заттардың тапшылығы сезілді, бірақ бағаға әсері болған жоқ. Азық-түліктің де бағасы бірқалыпты. Төтенше жағдайға дейінгі баға сақталған» дейді. Ендеше біздің елімізде неге кез келген өзгеріс ең алдымен бағаға әсер етеді? Оны айтасыз, соңғы уақытта «имбир, сарымсақ, лимон жесең коронавирус жоламайды екен» деген дақпырт әңгіменің арқасында көкөністер құны тіпті шарықтап кетті. Имбирді 10 000 теңгеге, лимонның бір данасын 550 теңгеге саудалап жатыр. Ынсапсыздық дегенді қойсаңызшы.

Гүлжазира ИБРАЕВА, диетолог:
– Имбирдің қауіпті вирустан қорғайтыны алыпқашпа әңгіме. Аурудың емі имбир, лимон емес, өз-өзіңді оқшаулау. Су және сұйықтықты көбірек ішу керек. Бұл ағзаның детоксикациясына көмектеседі, тыныс алу жүйесіне, ауыз қуысына, асқазанның қышқылы ортасына түсу қаупі бар вирустарды шайып өтуге жәрдемдеседі.
Әрине, көкөніс пен жеміс-жидектің құрамындағы үлкен көлемде сақталатын С дәрумені жайлы ұмытпау керек. Айтпақшы, ашытылған қырыққабат – ішек жолдарына арналған керемет пробиотик. Ал, біздің иммундық жүйеміздің 80 пайызы осы ішек жолдарының жұмысына тікелей байланысты. Қазір қара зере майы да жиі жарнамаланады. Оның коронавируспен күресте еш пайдасы жоқ.
Қалдыбай ДҮЙСЕМБАЕВ

[ratings]

Символ мудрости и трансформации

Символом наступающего нового 2025 года станет Зеленая Деревянная Змея....

Штраф либо лишение свободы

Вопросы борьбы с коррупцией всегда находятся орбите особого внимания...

Технологии будущего – в повседневную жизнь

На заседании Правительства под председательством Премьер министра РК Олжаса Бектенова...

Итоги года и новые горизонты

2024 год в Казахстане стал годом динамичных преобразований, когда...

Сеть опорных школ «Отпан»

В целях повышения качеста среднего образования Правительстом реализуется проект...