12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Қылмыстық іздестіру қызметінің құрылғанына 104 жыл

Биыл қылмыстық іздестіру қызметі өзінің 104 жылдығын атап өтуде. 1918 жылы 5 қазанда ІІХҚ РКФСР «Қылмыстық іздестіру бөлімін ұйымдастыру туралы» ереже қабылдады. Бұл құжат КСРО елдерінде қылмыстық-іздестіру қызметін құрудың заңды негізіне айналды. 1920 жылы Қазақстан Главмилициясы қылмыстық іздестіру қызметкерлерін даярлау үшін арнайы курстар ашты.

Қазіргі уақытта Солтүстік Қазақстан облысының қылмыстық-атқару жүйесі Департаментінде және ведомстволық бағынысты мекемелерінде 25-ке жуық қызметкер жедел бөлімнің жедел уәкілдері лауазымында қызмет атқарып жатыр.

2022 жылдың 9 айында қызметкерлер 320 қылмысты ашты, атап айтқанда: 1 кісі өлтіру, 3 автокөлік ұрлау фактісі, 4 тонау, 6 қару-жарақпен байланысты қылмыс, есірткі қылмысы бойынша 31факт, 244 бөтеннің мүлкін ұрлау фактісі және 31 өзге де қылмыс.

Осы ерекше күні салтанатты іс-шарада Департамент басшылығы жедел бөлім қызметкерлеріне қызметтік міндеттерін адал орындағаны және қызметтегі жоғары көрсеткіштері үшін алғысын білдірді. Сондай-ақ, қылмыстық іздестіру қызметінің құрылғанына 104 жыл толуына байланысты бірқатар жедел уәкіл қызметкерлері көтермеленді.

«Көптеген адамдар жедел қызметкерлердің жұмысын фильмдер мен телехикаялардан қарап біледі, олардың сюжеттері біздің мамандығымыз туралы көрсетіп жатса да, оның барлық қиындықтарын толық көрсете алмайды. Бұл бағыттағы қызмет көрінетіндей романтикалық емес, бірақ қызықты екені рас», — дейді жедел бөлімшенің бастығы Эльдар Исмаилов.

Іс-шара соңында Департамент бастығы Рустан Ахметжанов пен оның орынбасары Данияр Харипов қызметкерлермен жедел қызметтегі көп жылдық тәжірибелерімен бөлісіп, олардың қиын жұмыстарында сәттілік тіледі.

Абайдың мұрасы – сарқылмас қазына

Абай XIX ғасырдың бірінші жартысының соңында қазіргі Шығыс Қазақстан...

Гранит чьей-то совести

АЛМАТЫ НА СЛАВИТСЯ ГОРЫ, УЮТНЫМИ СВОИМ ЖИВОПИСНЫМ УЛИЦАМИ И СТРЕМЛЕНИЕМ...