Қылмыстық-атқару жүйесі ардагерлерінің арасында волейболдан турнир өтті

Петропавл қаласында СҚО бойынша ҚАЖ Департаментінің, ЕС-164/1,3,6,8,9 бағынысты мекемелерінің және қылмыстық-атқару жүйесі ардагерлерінің арасында волейболдан турнир өтті. Турнирға барлығы 7 құрама қатысты. Аталмыш турнир Жеңіс күніне арналған.

Спорттық жарыстың салтанатты ашылуында СҚО бойынша ҚАЖД бастығы әділет полковнигі Рустан Ахметжанов барлық қатысушыларға сәттілік тіледі.
Қызметкерлер арасында спорттық турнирлар тұрақты түрде өткізіліп тұрады. Осындай сайыстар қызметкерлер арасындағы бірлікті, ептілік пен шыдамдылықты дамытуға зор үлесін тигізеді.

Сайыс қорытындысы бойынша І орынға ЕС-164/6 мекемесінің құрама командасы, ІІ орынға ЕС-164/3 мекемесінің құрама командасы, ІІІ орынға СҚО бойынша ҚАЖД ардагерлерінен құралған құрама команда орнықты. Сайысқа төрелік еткен әділқазылар алқасы жеке номинацияларға лайықты қызметкерлерді де назардан тыс қалдырмады. «Үздік ойыншы» номинациясын ЕС-164/3 мекемесінің қызметкері Нурсултан Уразов, ал «Үздік шабуылшы» номинациясын ҚАЖД ардагері Серік Танкибаев иеленді.

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде «Өмірдің маңызы бар» тақырыбында тренингтік іс-шара өткізілді

Абай облысы бойынша ҚАЖ орташа қауіпсіз мекемесінде психолог мамандар...

Абай облысындағы қауіпсіздігі төмен мекеме сотталғандары театр маусымының ашылуына қатысты

4 қыркүйекте Семей қаласында жаңа театр маусымының ашылуына арналған...