12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Яндекс Іздеу бүкіл әлемнің түрлі нүктесіндегі контентті қазақ тілінде қолжетімді етеді

Яндекс Іздеу қазақ тіліне нейрожелілік аудармасы бар ағылшын және орыс тілді мақалаларды көрсете бастады. Ұлттық тілдегі пайдалы материалдардың саны жүз мыңнан 15 миллионға дейін өсті.

Интернетте көптеген шетелдік контент бар. Мысалы, «Википедияда» ағылшын тілінде жеті миллионнан астам мақала, ал қазақ тілінде — небәрі 240 мың мақала бар. Енді Іздеу сұраулар бойынша қазақ тіліндегі шетелдік мақалаларды ұсынады және оларды бірден аударады. Түпнұсқа тілдегі материалдарға сілтеме мақалалармен бірге қолжетімді болады.

Орыс және ағылшын тіліндегі ресурстардан алынған мақалалар контекстті ескере алатын нейрожелі арқылы аударылады. Осылайша қолданушылар Іздеуде одан да пайдалы жауаптарды ала алады.

«Яндекс Қазақстан өз өнімдерін ұлттық тілге аудара отырып, оны одан да пайдалы және қолжетімді етуге ұмтылуда. Мысалы, өткен жылы біз қазақ тілінде жылдам жауап беру функциясын іске қостық, осы ретте іздеу жолағының астындағы қысқаша деректерді айта аламыз. Олар қолданушыларға уақытты үнемдеуге және басқа сайттарға өтпей-ақ қажетті ақпаратты ана тілінде жылдам табуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, қазақстандықтар Браузерде және Алисамен бірге Яндекс қолданбасында бейнероликтер бастапқыда орыс немесе ағылшын тілдерінде жазылған болса да, бейнені ұлттық тілде көре алады. Youtube, VK, Vimeo, Twitch және Coursera-да орналастырылған роликтерді аударуға да мүмкіндік бар. Осылайша қолданушылар әлемдік университеттердің дәрістеріне қол жеткізе алады», — дейді Александр Поповский, Қазақстанда Іздеуді дамыту жөніндегі директоры.

Яндекс Қазақстан туралы

Яндекс Қазақстан— машиналық оқыту және нейрожелі негізіндегі өнімдер мен сервистерді құрайтын технологиялық компания. Компания қолданушылардың өмірін жақсарта отырып, Қазақстанда цифрлық ортаның дамуына бағытталған инновациялық технологияларды әзірлеумен және енгізумен айналысады. Елімізде қазірге таңда іздеу қызметтері, қалалық, бұлттық және ойын-сауық сервистері жұмыс істейді, сонымен қатар компания білім беру және әлеуметтік жобаларын да дамытуда.

КӨКШЕТАУДА ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ ПӘНІ МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ ФОРУМЫ ӨТТІ

3 мамырда Көкшетауда қазақ тілі мен әдебиеті пәні...

Сотрудники-наставники акмолинского ДУИС организовали работу по патриотическому воспитанию молодежи

Патриотическое воспитание подрастающего поколения, молодежи - актуально на всех...

Сотрудники акмолинского ДУИС посетили соседнюю область, в рамках профориентационной работы

Сельские школы Еленовки, Шалкара и Лобаново Северо-Казахстанской области посетили...

Ақын Маралтай Райымбекұлы Ыбыраев жазалы балалармен кездесті

Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша қылмыстық-атқару жүйесі...

В кабинете НВП школы сотрудники УИС открыли кадетский уголок

В начальной школе им. Алтынбике Бертаевой села Достык Енбекшиказахского...