«Құқықтық тәртіп» тақырыбында жедел профилактикалық іс-шарасы өтті

Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне орай, Алматы қаласы бойынша ҚАЖ Департаменті Алатау аудандық пробация қызметінде 2022 жылы қаңтар  айының 12 – 15 күні аралығында,  «Құқық тәртіп» тақырыбында жедел профилактикалық іс-шарасы өтті.

Профилактикалық іс-шараның мақсаты, пробациялық есепте тұрған сотталғандардың тұрғылықты мекен-жайы бойынша тексеріс жүргізіп, олардың тарапынан орын алатын құқық бұзушылықтарға жол бермей, уақытылы анықтау.

Осылайша, тексерілген сотталғандардың жалпы саны 165 адамды құрады. Жүргізілген профилактикалық іс-шаралар кезеңінде жазаны өтеу шарттары мен тәртібін бұзғаны үшін 9 есепте тұрған сотталушыға жазбаша ескерту жасалды, 2 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, оларға тұрғылықты жері бойынша тіркелмегені үшін 2 ескерту берілді.

Нәтижесінде, Алматы қаласының Алатау аудандық сотына бас бостандығынан шектеу жаза мерзімінің қалған бөлігін бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру туралы — 7, шартты жазаның күшін жою туралы – 2 іс-құжаттар жолданды.

Алатау аудандық пробация қызметі мерекелер қарсаңында және тұрақты түрде профилактикалық іс-шаралар өткізіп тұрады.


Алматы қаласы бойынша
ҚАЖ Департаментінің
Алатау аудандық пробация қызметі бөлімінің инспекторы
әділет лейтенанты
Жалгасбаева Жайна Жамбулкызы

Қайырымдылық – жүректен шыққан ізгі іс

Қайырымдылық – адамгершілік пен мейірімділіктің жарқын көрінісі. Осы бағыттағы...

Состоялось мероприятие посвященное Национальному дню домбры

5 июля 2026 года в учреждении минимальной безопасности №21...