12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Құқықтық көмек — қолжетімді

“Әділдік жолы” Республикалық қоғамдық бірлестігінің негізгі басым бағыттарының бірі — халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, құқығын қорғау болып табылады. Бірлестіктің Шымкент қаласындағы филиалы аталған мақсатты жүзеге асыру барысында апта сайын азаматтарды жеке қабылдау жүргізіп, әр азаматтың мәселесін зерделеп, заңгерлік кеңес беруді жүзеге асырады.

Қабылдауға келген азаматтар тек заңгерлік кеңес алып қана қоймай, сонымен қатар қажет болған жағдайда кешенді заңгер қызметін алуда. Және ең бастысы осы қызметтің барлығы тегін жүзеге асырылуда.

Мысалы ағымдағы жылдың бірінші жарты жылдығында біздің филиал 60 мәселе бойынша 100-ден астам азаматты қабылдап, заңгерлік көмек көрсетті. Азаматтардың басым көпшілігі тиісті мемлекеттік органдарға және сотқа жүгінуге тиісті өтініштер мен талап-арызды жазуға көмек сұрап келеді. Бұндай жағдайда заң жүзінде тиісті құжаттарын дайындап, ЭЦҚ кілт алып, оны тиісті органдарға жіберуге көмек көрсетеміз. Есептік кезеңде 10-нан астам азаматқа сот арқылы алимент өндіруге сот бұйрығын шығарып берсек, 23 адамның өтінішін жазып, тиісті органдарға жіберуге және олар бойынша оң жауап алуға бақылау жасадық.

Азаматтарды қабылдауда кездесетін өзекті мәселелер: алимент өндіру, мерзімі өткен несиелер, әлеуметтік, инфраструктура, білім, денсаулық саласының мәселелер. Әділетті қоғамды қалыптастыру жолында әр азаматты құқықтық сауатты болуға шақырамыз.

Қаламыздың кез-келген азаматы аптаның әр бейсенбісінде Бәйдібек би көшесі, 45 мекен-жайы бойынша тегін заңгерлік кеңес пен қызмет ала алатынын айтқымыз келеді.

Айжан Кесебаева

“Әділдік жолы” РҚБ Шымкент

қаласындағы филиалының басшысы

КОДЕКС СУДЕЙСКОЙ ЭТИКИ

Судьи Республики Казахстан, основываясь на Конституции Республики Казахстан (далее...

Харассмент: за молчаливым барьером

Актуальность данной темы в современном обществе невозможно переоценить. За...

Полиция «Альфард» жүргізушілеріне түсіндірме жүргізді

Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденовтың тапсырмасымен жеке...

Жастардың құқықтық санасын, рухын оятып, мәдениетін дамыту керек

Сыбайласқан жемқорлық атты дерттен арылу және жойу жолын жастардың...

«Арсыз, надан» деген сөздер ар-намысты қорлауға жата ма? Адвокат жауабы

Белгілі адвокат Жания Бодау "Арсыз, надан" сөздері ар-намысты қорлауға...