Құқық бұзушылық жасаған адам жазаны да табады

Өкінішке орай, бұл мақал әрқашан өзекті бола бермейді. Аумаққа кіретін адамдарға тексеру тобының қызметкерлері тыйым салынған заттардың ішкі тәртіп қағидаларында белгіленген тізбесін назарға жеткізгеніне қарамастан, алып өту фактілері кейде орын алады. Тыйым салынған заттарды табу және алып қою өте маңызды және мұқият жұмыс болып табылады, себебі олардың сотталғандардың қолына түсуі тәртіп пен ұстау режимінің бұзылуына әкеледі.

Тыйым салынған заттардың мекеме аумағына енуіне жол бермеу «№48 мекеменің» барлық қызметтерінің бірлескен үйлесімді жұмысының нәтижесінде жүзеге асырылады. 

Осылайша, тексеру бөлмесінде, жеке заттарды, атап айтқанда шалбард бүйірлік қалтасында, ұлымен қысқа мерзімді кездесуге келген азамат А. — дан 15000 теңге көлемінде ақша табылып, тәркіленді. Бұл азамат өзінің немқұрайлылығы мен толқуының кесірінен ақша туралы ұмытып кеткенін түсіндірді. Сондай-ақ, Түркістан облысында тұратын Ж. жөнелтушіден сотталған К. — ға жолданған сәлемдемені беру кезінде аяқ киім щеткасынан «NOKIA» маркалы телефон, зарядтағыш және SIM карталар табылып, тәркіленді. Осылайша, аталған азаматқа ҚР ӘҚБтК 481-бабының 1-бөліміне сәйкес материалдар жиналып, аумақтылығы бойынша берілді.

Сонымен қатар, осындай әкімшілік құқық бұзушылық жасаған азаматтар 1 (бір) жылға қысқа және ұзақ мерзімді кездесулерден айырылатынын атап өткен жөн.

РБТТ жедел уәкілі

әділет капитаны

Б.Баженов

Горный курорт Oi-Qaragai вводит тариф «Отан» для граждан Казахстана

Горный курорт Oi-Qaragai объявляет о запуске нового специального тарифа «Отан», ориентированного...

Oi-Qaragai тау курорты Қазақстан азаматтары үшін «Отан» тарифін енгізеді

Oi-Qaragai тау курорты Қазақстан Республикасының азаматтарына арналған жаңа арнайы...

Мектептегі мазмұнды шара

Ұлыстың ұлы күні қарсаңында ел аумағындағы білім ошақтарында салт-санамызды...

Жаңа Конституция ел игілігі үшін

Жаңа Конституция – мемлекеттің даму бағытын айқындайтын маңызды құжат....