Oi-Qaragai тау курорты Қазақстан азаматтары үшін «Отан» тарифін енгізеді

Oi-Qaragai тау курорты Қазақстан Республикасының азаматтарына арналған жаңа арнайы «Отан» тарифінің іске қосылғанын хабарлайды. Бұл бастама жергілікті тұрғындар үшін тауда демалуды қолжетімді етуге және ішкі туризмді дамытуға бағытталған.

Тарифтің мәні қарапайым: қазақстандықтар шетелдік қонақтармен салыстырғанда курорт қызметтерін едәуір төмен бағамен пайдалана алады. Жаңа шарттар курорттың негізгі сервистеріне – аспалы жолдарға, маусымдық және жыл бойғы белсенді демалыс түрлеріне, сондай-ақ тұру қызметтеріне қолданылады. Жеңілдетілген тариф бойынша қызметтерді тек курорт кассаларынан офлайн түрде, жеке басын куәландыратын кез келген құжатты ұсыну арқылы сатып алуға болады. Сату тек бір адамға жүргізіледі және корпоративтік тапсырыстар мен арнайы пакеттерге қолданылмайды. Басқаша айтқанда, «Отан» тарифі тек жеке тұлғалар үшін әрекет етеді.

«Ішкі туризм тұрақты өсім көрсетіп отырған қазіргі жағдайда «Отан» тарифін енгізу – заңды әрі уақытылы қадам. Біз тауда демалуды таңдаған қазақстандықтардың саны артып келе жатқанын көріп отырмыз. Біздің міндетіміз – қызмет сапасын төмендетпей, демалысты барынша қолжетімді ету. «Отан» тарифі – ел ішінде белсенді демалыс мәдениетін дамытуға қосқан үлес», – деп атап өтті Oi-Qaragai бас директоры Александр Воронин.

Айта кету керек, мұндай бастамалар әлемдік тәжірибеге сәйкес келеді: көптеген туристік өңірлерде жергілікті тұрғындарға арналған арнайы шарттар қарастырылған. Бұл тұрақты сапарларды ынталандырып, аудиторияның адалдығын арттырады және халықаралық туристік ағынға тәуелсіз тұрақты сұраныс қалыптастырады.

«Тарифтің іске қосылуы жаңа қонақтарды тартумен қатар, қазіргі аудиторияның келу жиілігін арттыруға мүмкіндік береді. Әсіресе, бұл бастама қазақстандықтардың ең сүйікті мерекелерінің бірі – Наурыз қарсаңында өзекті болмақ. Бұл – бір жағынан сыйлық, екінші жағынан туризм саласында қалыптастырғымыз келетін жаңа тренд», – деді PR бөлімінің жетекшісі Максим Козлов.

«Отан» тарифі – бұл тек баға ұсынысы емес, ішкі нарықтың басымдығын айқындайтын және Қазақстан азаматтарын қолдауға бағытталған стратегиялық қадам. Курорт алдағы уақытта да инфрақұрылым мен сервистерді дамытып, тау демалысын баршаға жақын әрі қолжетімді етуді жалғастырады.

ГАЗИФИКАЦИЯ – В ДЕЙСТВИИ

В КАЗАХСТАНЕ ПРОДОЛЖАЕТСЯ РЕАЛИЗАЦИЯ МАСШТАБНОЙ ПРОГРАММЫ ПО РАЗВИТИЮ ГАЗОВОЙ...

СПЕЦИАЛИСТЫ ДЛЯ БОЛЬШОЙ ЭНЕРГЕТИКИ

ЗА ОДНИМ СТОЛОМ СОБРАЛИСЬ ПРЕДСТАВИТЕЛИ АГЕНТСТВА РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН ПО АТОМНОЙ ЭНЕРГИИ, ГОСУДАРСТВЕННОЙ КОРПОРАЦИИ «РОСАТОМ», ПРОФИЛЬНЫХ ОРГАНИЗАЦИЙ, УНИВЕРСИТЕТОВ И ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙ ДВУХ СТРАН. ГЛАВНОЙ ТЕМОЙ СТАЛА НЕ САМА АТОМНАЯ ЭНЕРГЕТИКА, А ЛЮДИ, КОТОРЫМ...

ПРЕСТУПЛЕНИЕ: ОТ СООБЩЕНИЙ К ПОХОРОНАМ

ДОЛГОЕ ВРЕМЯ В КАЗАХСТАНСКОМ ЗАКОНОДАТЕЛЬСТВЕ ОТСУТСТВОВАЛО САМО ПОНЯТИЕ СТАЛКИНГА КАК САМОСТОЯТЕЛЬНОГО ПРОТИВОПРАВНОГО ДЕЯНИЯ. НЕСМОТРЯ НА ТО, ЧТО ЖЕРТВЫ НЕРЕДКО СООБЩАЛИ О НАВЯЗЧИВЫХ ЗВОНКАХ, ПОСТОЯННОЙ СЛЕЖКЕ, УГРОЗАХ И ПРЕСЛЕДОВАНИИ, ПРАВООХРАНИТЕЛЬНЫЕ ОРГАНЫ БЫЛИ...

НАСЛЕДИЕ ДЛЯ МОЛОДЕЖИ

Какими должны быть современные подходы к патриотическому воспитанию молодежи...

СОКРАТИТЬ ДЕФИЦИТ КАДРОВ

В КАЗАХСТАНЕ МОДЕРНИЗИРУЕТСЯ ПРОГРАММА ДОБРОВОЛЬНОГО ПЕРЕСЕЛЕНИЯ ГРАЖДАН В РЕГИОНЫ,...