Вирусологтар «кентавр» штамының қаупі туралы айтты

Гамалея эпидемиология және микробиология ғылыми-зерттеу орталығының бас ғылыми қызметкері, вирусолог Анатолий Альтштейн жақында ғана табылған омикрон штамының «кентавр» деп аталған кіші түрінің қауіптілігін бағалады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «Комсомольская правда» радиосына сілтеме жасап. 

«Көп елге дүрбелең тудырған BA.5 вирусы аяқталуға жақын. Қазір күніне бір миллионға жуық жағдай тіркеліп жатыр, бұл қаңтар және ақпан айларымен салыстырғанда айтарлықтай аз. «Кентавр» бізге де жетуі мүмкін, бірақ мен оны өте ауыр болады деп айта алмаймын», — деді маман.

Еске салайық, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ғалымдары оңай мутацияға ұшырайтын және тез таралатын омикронның жаңа түрін анықтады.

«Кентавр» деп аталатын коронавирустың жаңа түрі 2022 жылдың мамыр айында Үндістанда табылды. Содан бері вирус оннан астам елге, соның ішінде Ұлыбритания, АҚШ, Аустралия, Германия және Канадаға тарады.

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...

ЕЛДIК МҰРАТ — БIРЛIК ПЕН МЕМЛЕКЕТТIЛIКТIҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

Т әуелсіздік – ұлттың ұлы мұраты, мемлекеттіліктің алтын діңгегі....

Көкшетауда жыр додасы өтті: республикалық байқаудың жеңімпаздары анықталды

Көкшетау төрінде қазақтың көнеден жеткен жыршылық өнері қайта жаңғырып,...

Жазбаша іс жүргізу

Сот істі дайындау барысында және алдын ала тыңдауда талап...