Вьетнам президенті отставкаға кетті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «Интерфакс» Telegram-арнасына сілтеме жасап.
Нгуен Суан Фук Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық Комитеті мен Саяси Бюросының мүшелігінен кетті.
«Орталық Комитеті партиясының коммюникесінде Нгуен Суан Фук елдің жоғары басшылық өкілдерінің, атап айтқанда, премьер-министрдің орынбасарлары мен бірнеше министрдің заң бұзғанына көз жұмып қарағаны белгілі болғаннан кейін отставкаға кету туралы шешім қабылдағаны айтылған», — делінген хабарламада.


