12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

ВАЛЮТА НАРЫҒЫНДАҒЫ ЖАҢА РЕКОРД

«Жау жағадан алғанда бөрі етектен тартыпты» дегендей коронавирустан қорыққан халықты бағамы түскен теңге мен шарықтаған доллардың бағасы алаңдатып тұрған жайы бар. Қалтасында көк қағазы болмаса да, әлеуметтік жағдайдың долларға тікелей қатысы барын сезінген халықтың көңілі пәс. Ал, министрлер кабинеті мен Ұлттық Банктің біріккен үндеуіне риза емес сарапшылар «дағдарысты уақытша шаралар арқылы емес, терең реформалар арқылы еңсеруіміз керек» деген пікірде. Расында да неге осы дағдарыстың алдын алуға күні бұрын тырыспаймыз?!

Кеше алғаш рет айырбастау пункттерінде доллардың сату курсы 400 теңгеден асты. Бұл – Қазақстанның валюта нарығындағы жаңа рекорд. Соған қарамастан Үкімет басшысы Асқар Мамин зейнетақы мен жәрдемақы кешіктірілмей уақытында төленетініне сендірді. Тек ол шарықтаған бағаға тұсау бола алмайды. Radius Advisory Lab компаниясының серіктесі Тимур Әбілқасымов «Алдағы 1,5-2 ай бойы мұнай бағасы 20 доллар көлемінде болса, бұл – экономикамыз үшін нағыз апат», – дейді. Расында да ең алдымен теңгенің тағдырына мұнайдың арзандауы әсер етіп отырғаны жасырын емес. Өкініштісі сол, алдын ала болжам жасалғанына қарамастан билік тарапынан дағдарысты болдырмаудың нақты жоспары түзілмеді. Өндіріс орындарын ашу, жұмыссыздықты жою тек қағаз жүзінде шешіліп келді. Отандық өндірісі жоқ, шырпыға дейін шетелден таситын біздің ел енді қалай дағдарыстан шықпақ?
Еске сала кетсек, экономикадағы дағдарыс соңғы рет осыдан 12 жыл бұрын бүкіл әлемді шарпып өткен еді. Оған Америка Құрама Штаттарындағы ипотекалық мәселе себеп болған. Сол кезде несиеге деген сұраныстың күрт төмендеуіне байланысты, АҚШ банктері қарыз алушыларға қойылатын талапты күшейткені есте. Нәтижесінде, банктің бұл құралы ипотекалық несиелердің жаппай кешіктірілуіне ұласып, бірқатар ірі банк банкротқа ұшыраған. Ол дағдарыс Қазақстанды айналып өтпеді. Мамандардың есебінше, 2009 жылы 10 компания бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелерін орындамаған, 642 кәсіпорын жұмысын тоқтатқан, ресми жұмыссыздық 7%-ға жеткен. Республика бойынша өндіріс көлемі де төмендеген болатын. Ал, бүгінгі дағдарыс зардабының қандай болатынын уақыт көрсетеді. Жалпы қазіргі жағдайға негізгі себеп жеке және
мемлекеттік сектордағы қарыз жүктемесінің өсуі. Яғни, қарыз алу дүние жүзінде рекордтық көрсеткішке жеткен. Дәлірек айтқанда әлемдегі қарыз – 246 трлн АҚШ доллары. Борышқа бату – барлық өнім мен қызмет құнын көрсететін әлемдік ЖІӨ-ден де асып кеткен. Дамушы елдердің қарызы ЖІӨ-ге шаққанда сегіз жыл ішінде 168%-ға көтерілген. Келе жатқан дағдарыс 10 жыл бойы қарыз беруді үдеткен Қытайда айтарлықтай көрініс табуы мүмкін. ҚХР өтелмеген қарызы 20 трлн доллардан асып, Қытайдың ЖІӨ-ге қатынасы 255% құраған. Әлемдегі ең үлкен корпоративтік қарыз кесірінен Қытай жаңа жаһандық экономикалық дағдарыс ошағына айналуы ғажап емес. Демек мұнай мен Қытайға сенеміз деп аш-жалаңаш қалмасымызға кепілдік жоқ.

Ілияс БАҚКЕЛДІ, экономист:
Дүниежүзілік дағдарыс қаласақ та, қаламасақ та келеді. Биыл да дағдарыстың зардабы айтарлықтай болатынын сезініп отырмыз. Несиені той жасау үшін емес, халық шағын өнеркәсібін дөңгелетуге алса, дағдарыстан мұншалықты қорықпас еді. Сондықтан осы қиындық кезінде халқымыз үнемшілдікті үйренсе екен деймін. Халық қана емес, мемлекет те осыны ұғынуы керек. Ретсіз шығындар азайтылуы қажет. Шетел азаматтары дағдарыстан соң шағын машиналардың тізгініне отыра бастады. Ал, бізде шенеуніктеріміздің тақымын арзан көлік әлі күнге «жатырқайды». Халық та несие алып той жасағанша, сол қаржыны балаларының қолына ұстатып, үйлі болуына жағдай жасаса екен. Бүкіл әлем қаржылық дағдарысқа байланысты үнемдеуге көшіп жатыр. Қаржылық дағдарыстың пайдасы мен жақсы жағы адам сана-сезімін өзгертіп, үнемдеуге көшіріп, аста-төкке, ысырапшылдыққа жол бермеуінде. Бұдан тәуелсіз еліміз де, халқымыз да ұтпаса, ұтылмайды. Қиыншылық кезеңнен өтіп, жаңа кезеңге халық басқаша көзқараспен қарап, жаңа экономикалық құрылыммен жұмыс істеп, қалыптасса дағдарыс халыққа қаржылық сауаттылықты үйретсе риза болар едім. Жалпы дағдарысқа мемлекеттің ғана емес, жекелеген адамдардың да өз дайындығы болуы керек.
Қалдыбай ДҮЙСЕМБАЕВ

[ratings]

4 маусым – мемлекеттік рәміздер күні

Бұл күн "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы" Конституциялық заңда мемлекеттік мереке ретінде ресми түрде бекітілген.

Қазақстанда дәрі-дәрмек бағасы түсуі мүмкін – Вице-министр

Қазақстанда кейбір дәрі-дәрмектердің бағасын қайта есептеу басталды. Баға белгілеу моделі өзгеруіне байланысты дәрі-дәрмектің құны төмендеуі мүмкін. Бұл туралы денсаулық сақтау вице-министрі Ержан Нұрлыбаев мәлімдеді.

Шегірткелердің негізгі ошағы табылды — Ауыл шаруашылығы министрлігі

Ведомство өкілдері қырғыз мамандарымен бірлесіп, шегіртке таралу ошақтарын бақылау үшін шекаралас аумақтарды тексеруді бастаған.

АЛПАУЫТ ЕЛДЕР БЕЙБІТШІЛІКТІ САҚТАУҒА ҰМТЫЛУ КЕРЕК

«Миллиардтаған адамның тағдырына əсер ететін аса маңызды шешімді бірнеше елдің қабылдағаны дұрыс емес». Елордада «Ақыл-ойды байланыстыру – болашақты қалыптастыру» деген тақырыпта өткен халықаралық форумда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деп мəлімдеді. Мемлекет басшысының бұл сөзі бүгінде бүкіл əлем бетпе-бет келіп отырған трансұлттық қатерге қатысты айтылды.

Апелляция: вопреки здравому смыслу? 

НА ФОНЕ МНОГОМИЛЛИАРДНОГО ДЕЛА, ГРОМКОГО ОБЩЕСТВЕННОГО РЕЗОНАНСА И ПРИЗНАННОЙ В СУДЕ ПОДДЕЛКИ ПОДПИСЕЙ УЧРЕДИТЕЛЕЙ ОСНОВАТЕЛЬНИЦА И РУКОВОДИТЕЛЬ ФОНДА «BIZ BIRGEMIZ QAZAQSTAN 2030» ПЕРИЗАТ КАЙРАТ РЕШИЛА ОСПОРИТЬ ЛИКВИДАЦИЮ СОЗДАННОГО ЕЮ ФОНДА. СТОЛИЧНЫЙ СУД УЖЕ ПРИНЯЛ АПЕЛЛЯЦИОННУЮ ЖАЛОБУ К РАССМОТРЕНИЮ.