Декреттегі аналар жұмыссыз ретінде төлем ала ала ма? – Ресми жауап 

Қазақстанда жұмысынан айырылғандарға мемлекет төлем береді. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі BAQ.KZ редакциясының төлемді нақты кім ала алатыны жайлы сұрағына жауап берді.

Бұл сұраққа қолданыстағы заңнама аясында нақты жауап берілген.

Қазақстандағы міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі азаматтар белгілі бір әлеуметтік тәуекелге ұшыраған жағдайда табыстың бір бөлігін өтеуге бағытталған. Бұл жүйе мемлекет тарапынан ұйымдастырылып, бақыланып және кепілдендіріледі.

Қолданыстағы Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі бойынша әлеуметтік тәуекелдер қатарына:

• жұмысынан айырылу,

• еңбекке қабілеттіліктен айырылу,

• асыраушысынан айырылу,

• жүктілік және босану,

• жаңа туған баланы асырап алу,

• сондай-ақ бала бір жарым жасқа толғанға дейін оны күтуге байланысты табыстан айырылу жатады.

Осыған сәйкес, бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлем бала бір жарым жасқа толғанға дейін оны күтуді жүзеге асыратын адамға тағайындалады. Яғни, бұл кезеңде азамат бала күтімімен айналысып, табыс табу мүмкіндігін уақытша жоғалтады. Сол себепті мемлекет жоғалтқан табыстың бір бөлігін өтейді, — делінген Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің редакциямызға берген жауабынада.

Алайда заңнамада маңызды шектеу бар. Бала күтімі кезеңіндегі әлеуметтік тәуекел мен жұмысынан айырылу тәуекелі бір уақытта қатар қарастырылмайды.

Атап айтқанда, жұмыссыздық бойынша әлеуметтік төлем тек ресми түрде жұмыссыз ретінде тіркелген азаматтарға ғана беріледі. Бұл талап Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 99-бабы негізінде белгіленген.

Сонымен қатар, Кодекстің нормаларына сәйкес, жұмыссыз деп жұмыс іздеп жүрген және жұмысқа кірісуге дайын адам танылады. Ал бала күтімі демалысында отырған адам бұл кезеңде жұмысқа бірден кірісуге дайын деп есептелмейді.

Бұдан бөлек, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі бойынша жұмыс беруші қызметкерге (анасына немесе әкесіне) бала 3 жасқа толғанға дейін жалақы сақталмайтын демалыс беруге міндетті. Бұл кезеңде қызметкердің жұмыс орны толық сақталады.

Осылайша, бала күтімі демалысында отырған әйелдерге жұмыссыздық бойынша әлеуметтік төлем тағайындалмайды. Себебі олар ресми түрде жұмыссыз мәртебесіне ие емес және олардың жұмыс орны сақталады.

Ал мемлекет бұл кезеңде бала күтіміне байланысты жеке әлеуметтік төлем арқылы қолдау көрсетеді.

Санжар Боқаев 10 жылға бас бостандығынан айырылды

Алматының Алмалы аудандық сотында қоғам белсендісі Санжар Боқаевқа қатысты үкім жарияланды.

Рұқсат пен тыйым. Бас прокуратура депутаттарды сайлау алдында үндеу жариялады

Қазақстанда 29 қарашада мәслихат депутаттарын сайлау өтеді. ҚР бас прокурорының орынбасары Ерлан Өтегенов сайлау алдында үндеу жариялады. Ол үгіт жүргізуге тыйым салынған кезеңде үгіт-насихат жасауға болмайтынын ескерті.

Қасым-Жомарт Тоқаев: Елде кітапхана салуға көбірек көңіл бөлу керек 

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елде кітапханалар санын көбейту қажеттігін айтты. Мемлекет басшысы Мәскеуде өткен AI Journey 2026 конференциясында оқушылар мен студенттер алдында сөйлеген сөзінде кітап оқу мәдениетіне ерекше көңіл бөлу керектігін жеткізді.

Желтоқсан айында елімізде не қымбаттайды? 

Желтоқсан айында қазақстандықтарды бірқатар баға өзгерісі күтіп тұр. Tele2 және Altel кейбір тарифтерінің абоненттік төлемін 300 теңгеден 2 000 теңгеге дейін көтереді. СДЭК жеткізу қызметінің бағасын өзгертеді, ал Freedom Bank биржалық ноталарды сатып алу комиссиясын арттырады. Астанада қоғамдық көліктегі жолақы 110 теңгеден 150 теңгеге дейін қымбаттауы мүмкін.

Таяу Шығыстағы шиеленіс мұнай бағасын шарықтатты: Brent $100-ға жақындады 

Brent маркалы мұнай бағасы 27 қараша, жұма күні соңғы бір айдағы ең жоғары көрсеткішке жақын деңгейде саудаланып жатыр. Бұған Таяу Шығыстағы қақтығыстың шиеленісуі, Ормуз бұғазында танкерлерге жасалған шабуылдар және Сауд Арабиясының энергетикалық нысандарына соққы жасалуы себеп болған.