Ұшақ билеттері неге қымбат?

Алматы әуежайының президенті әуе билеттерінің бағасы неге байланысты қойылатынын түсіндірді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әуе билеттерінің бағасы неден тұрады?

Алматы әуежайының президенті Гокер Косе әуе билеттерінің құны және баға қалыптастырудағы әуежайлардың рөлі туралы талқылауларға түсініктеме берді. Өз мәлімдемесінде ол Қазақстанның әуежайлары авиабилеттер бағасының жоғары болуына себеп емес екенін, авиация саласы жұмысының барлық аспектілерін ескеруге шақырды.

«Біріншіден, әуежайлар, соның ішінде халықаралық Алматы әуежайы авиабилеттерге жоғары баға қалыптастыруға қатыспайтынын атап өту қажет. Халықаралық әуежайлар кеңесі (ACI World) атап өткендей, әлемдік ауқымда әуежайлық алымдар авиакомпаниялардың жалпы шығындарының тек 4%-ын құрайды», — дейді Алматы әуежайының президенті.

Оның айтуынша, біздің нарықта Қазақстанның ішкі авиакомпаниялары Азиядағы ең төмен әуежайлық алымдардың бірін пайдаланады, бұл елдің авиациялық секторы үшін айтарлықтай бәсекелестік артықшылық болып табылады.

Әуе билеттерінің бағасы неге өсіп жатыр?

Әуежай президентінің айтуынша, билеттердің құнына әсер ететін негізгі факторлардың бірі — авиациялық отынның бағасы. Алайда Гокер Косе Қазақстандағы жағдай жалпыәлемдік жағдайдан жаман емес екенін атап өтті.

«Авиакомпаниялар шығындарды басқарудың түрлі тетіктерін пайдалана отырып, билеттердің бағасын оңтайландыра алады. Бұл ретте әуежайлардың қаржылық жағдайының нашарлауы авиакомпаниялар үшін де, соңғы жолаушылар үшін де жағдайды жақсартуға ықпал етпейді. Біз барлық мүдделі қатысушыларды, оның ішінде мемлекеттік органдарды саладағы жағдайды жақсартуға бағытталған шешімдерді іздеуге шоғырландыруға шақырамыз. Ол үшін әуежайлардың азаматтық авиацияны дамытуға қосқан үлесін қоса алғанда, барлық аспектілерді ескеру және кешенді және орнықты шешімдерді әзірлеу үшін сындарлы диалогта жұмыс істеу қажет, — дейді ол.

Соңғы үш жылда Алматы әуежайындағы жаңа терминал мен нысандардың құрылысына 200 миллион АҚШ долларынан астам инвестиция салынған.

«2024 жылы біз рекордтық 11,4 миллион жолаушыға қызмет көрсеттік, жаңа бағыттарды аштық және жаңа авиакомпанияларды тарттық. Бұл барлық мүдделі тараптармен ынтымақтастықтың арқасында мүмкін болды. Сондықтан Алматы халықаралық әуежайы Қазақстанның авиациялық саласын дамытуға байланысты мәселелерді шынайы және ашық талқылауға дайын және нарықтың барлық қатысушылары мен жолаушылардың игілігі үшін жұмыс істеуін жалғастыра береді, — деп қорытындылады Гокер Косе.

ОСК сайлау мен референдум болмаған кезде немен айналысады?

Қазақстанда жалпыреспубликалық сайлау мен референдум өтпейтін кезде Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) немен айналысады?

Оқушылар көктемгі каникулда қанша күн демалады?

Қазақстандық оқушылар 11 күн бойы көктемгі демалыста болады. Оғу-ағарту министрлігі мәліметінше, демалыс 19 наурызда басталып, 29 наурызға дейін созылады.

Қазақстанда тұрғын үй саудасы төмендеді 

2026 жылғы ақпан айында Қазақстанда тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша 27 421 мәміле тіркелді.

1 сәуірден бастап тағы бір өзгеріс енгізіледі

2026 жылғы 1 сәуірден бастап балаларға арналған демалыс және сауықтыру лагерьлері міндетті түрде лицензия алуы тиіс.

Автоматты камералар жаяу жүргіншілерді жазаламайды — ІІМ түсініктеме берді

Кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында автоматты камералар жаяу жүргіншілерді жауапкершілікке тартатыны туралы ақпарат тараған еді. ҚР ІІМ ӘПК өкілдері бұл ақпараттың шындыққа сәйкес еместігін мәлімдеді.