Ақтөбе облысының әкімі әкімдік ғимаратындағы өртке байланысты мәлімдеме жасады

Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров әкімдік ғимаратындағы өртке байланысты мәлімдеме жасады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әкімнің сөзінше, кеше облыстық әкімдік ғимаратында болған өрт толық сөндірілген, жағдай тұрақты, бақылауда.

«Тағы айтайын, ең бастысы зардап шеккендер жоқ, медициналық көмекке ешкім де жүгінбеді. Қазір арнайы комиссия өрттің себептерін анықтап жатыр. Бұл мәселе жеке бақылауымда, жедел штаб жұмысы жалғасып жатыр. Қазір нақты іс-қимыл жоспары бекітіліп, барлық жұмыс кезең-кезеңімен жүргізіліп жатыр. Ғимараттың техникалық жағдайын толық бағалау үшін сарапшылар тартылды. Ғимараттың тек шатыры жанды. Алтыншы қабаттағы кабинеттерге келген зақым айтарлықтай емес», — деді ол.

Бұған дейін әкімдікке 2022 жылы жөндеу жүргізілген, соның ішінде тек жұмыс кабинеттері жаңаланған.

«Түстен кейін мамандардың көп бөлігі өз жұмыс орнына оралады. Оған дейін мемлекеттік қызметтер онлайн, үздіксіз көрсетіледі. Іс қозғалды, тергеу жүргізіліп жатыр. Қалпына келтіру жұмыстарының нақты жоспары да әзірленіп жатыр. Әр кезеңнің орындалуы жеке бақылауымда болады, ақпарат тұрақты түрде жарияланып отырады», — деді өңір әкімі.

Ақтөбе облысы әкімдігіндегі өрт

2026 жылы 7 сәуірде кешке Ақтөбеде Әбілқайыр хан даңғылында орналасқан облыстық әкімдік ғимаратында өрт шықты. ТЖМ мәліметі бойынша 6 қабатты әкімшілік ғимараттың шатыры өртенген.

ТЖМ құтқарушылары оқиға орнына 5 минут ішінде жеткен. Алғашқы бөлімшелер жеткен кезде әртүрлі орында үш жану ошағы байқалған.

Өртті сөндіруге 140-тан аса қызметкер және 40 техника жұмылдырылған. ТЖМ күштерімен өрт 300 шаршы метр аумақта толық сөндірілген.

Алматыда қазақ киносының тарихына арналған саябақ бой көтереді 

Алматыда отандық кино тарихына арналған жаңа қоғамдық кеңістік – «Қазақфильм» кинематография саябағын құру жоспарланып отыр. Қазір жобаның тұжырымдамасы әзірленіп жатыр.

Қазақстан әйелдер құрамасы стенд атудан Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды

Аичи-Нагояда өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарында стенд атудан Қазақстан әйелдер құрамасы күміс медаль жеңіп алды.

Елімізде пошта және курьерлік қызметтер көлемі артты

Өңірлер бөліністе пошта және курьерлік қызметтер көлемінің ең жоғары үлесі Алматы қаласына тиесілі.

Қазақстанда жұмыссыз мәртебесін беру тәртібі өзгереді 

Қазақстанда жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу тетіктері жетілдіріліп жатыр. 1 қазаннан бастап жұмыссыз мәртебесін беру алдындағы қолайлы жұмыс іздеу мерзімі 2 күннен 13 күнге дейін ұзартылады.

Национальный стандарт чистоты

ЧИСТОТА ГОРОДСКОЙ СРЕДЫ ДОЛЖНА СТАТЬ НЕ РЕЗУЛЬТАТОМ ОТДЕЛЬНЫХ АКЦИЙ,...