Қазақстанда мұғалімдердің пәндік білімін бағалау тесті тоқтатылды

Қазақстанда мұғалімдердің пәндік білімін бағалау тесті тоқтатылды. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Құрметті ұстаздар! Сіздерге арналған сүйінші жаңалық бар. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтің тапсырмасымен мұғалімдердің пәндік білімін бағалау тесті тоқтатылды. Бұл өте жақсы. Менің ойымша, Мемлекет басшысы сіздерге зоп сенім артып, үлкен жанашырлық танытып отыр. Сондықтан баршаңызды құттықтаймын, — деді Сүлейменова

Берілген мәліметке сәйкес, педагогтердің білімін тексеруге арналған аталған тестілеу жүйесі енді қолданылмайды. Тиісті шешім бойынша ресми хат өңірлік білім басқармаларына жолданған.

Еске сала кетейік, пәндік білімін бағалау тесті — мұғалімдердің өз пәні бойынша білім деңгейін тексеруге арналған емтихан түрі. Ол негізінен аттестация кезінде қолданылып, педагогтердің біліктілік санатын анықтауға әсер ететін. Соңғы жылдары бұл тест мұғалімдерге қосымша жүктеме ретінде сынға алынған еді.

Тоқаев Қарулы Күштерде маңызды ауыс-түйіс жасады: Құрлық әскерлерін кім басқарады? 

Мемлекет басшысының өкімімен Қуанышбек Өскенбайұлы Үштаев Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы болып тағайындалды.

Алматыда Қала күніне арналған іс-шараларға 1 млн-нан астам тұрғын мен қонақ қатысты

Алматыда Қала күнін екі күн бойы мерекелеу аяқталды. 19 және 20 қыркүйекте қаланың негізгі алаңдарында және барлық сегіз ауданда концерттер, фестивальдер, көрмелер, спорттық және шығармашылық іс-шаралар өтті.

Ғалымдар Жердің пішіні өзгеріп жатқанын анықтады 

Грек ғалымы Жердің пішінінде елеулі геофизикалық өзгерістер болып жатқанын анықтады. Зерттеу нәтижесіне сәйкес, Жердің экватор маңындағы аймақтары біртіндеп төмендеп, полюстерге жақын өңірлер көтеріліп келеді.

Нейрожелілер даркнеттен қауіпті ме? Сарапшылар ЖИ-ге қандай ақпаратты жүктемеу керегін айтты 

Даркнет әлі де бар және ақпаратпен жасырын алмасуға арналған алаң ретінде пайдаланылып келеді.

Бүгін еліміздің тоғыз қаласында ауа ластанады 

Қазақстанның тоғыз қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі.