Ұлыстың ұлы күні әз — Наурыз!

Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты,  №11 мекемесінде кәмелетке толмаған сотталғандар арасында    «Ұлыстың ұлы күні әз-Наурыз!» мерекелік іс-шарасы  аталып өтті. Президентіміздің нұсқауы бойынша,наурыз мерекесін 10 күн атап өту шарасына сәйкес мекеме аумағында мерекелік ұйымдастырулар жүзеге асуда.

Мектеп ұстаздары – «Көрісу күні», «Қайырымдылық күндерін» және «Ұлттық киімдер» күндерін оқушыларға насихатап, ұлттық киімдермен ұстаздар және оқушылар сабаққа ұлттық киіммен қатысып, салт-дәстүрімізді ерекше дәріптеді. Мекеме қызметкерлері және тәрбиеші мамандар-«Жаңару күнін» жазалы жасөспірімдерге ағаштардың түбін қопсытып,айналаны тазалап, «Ұлттық спорт күнін» спорттық іс шаралар ұйымдастырып, — «Ынтымақ күнін» мен «Жыл басы күндері- Жамбыл атындағы жасөпірімдер кітапханасының қызметкерлері мен арнайы қонақ болып келген өнерпаздармен бірлесіп ерекше көңіл күйде жалғасын тапты.

Наурыз мерекесіне орай өтіп жатқан  іс-шаралардың мақсаты:  салт-дәстүрді насихаттау, әдет-ғұрыпты жаңғырту, наурыз мерекесінің мұсылман елдерінде қалай тойланатынан хабардар ету,ұлттық құндылықтарды бойға сіңіру. Жазасын өтеушілерді ынтымақты қарым-қатынасқа, мәдениеттілікке үйрету, әдептілік пен ізеттілікке тәрбиелеу болып табылады.

Осы мерекеге ат салысып, ұйымдастырып көмектескен Жамбыл атндағы жасөспірімдер  қызметкерлеріне және келген қонақтарға тәрбие бөлімінің бастығы әділет подполковнигі Бәзілбаева Алма Қойшыбаевна   зор алғысын білдіріп, мекеме бастығының атынан алғыс айтты.   

Іс шараның соңында жазасын өтеуші жасөспірімдер түскі асқа арнайы дайындалған наурыз көжеден дәм татты.

                                                                   №11 мекеме Еркегүл  Жеңісхан

Курс молодого бойца

С 31 АВГУСТА ПО 20 СЕНТЯБРЯ 370 КУРСАНТОВ, ПОСТУПИВШИХ...

Алматы мен Астана Орталық Азиядағы экономикалық көшбасшылықты сақтап қалуға дайын

Алматы ұзақ уақыт бойы Қазақстанның саяси және коммерциялық функцияларын...

Алматы и Астана сохранят экономическое лидерство в Центральной Азии

Алматы долгое время объединял политические и коммерческие функции Казахстана...

АСЫЛХАННЫҢ АСУЛАРЫ

«Биссмила» деп бастадым сөздің басын,Мұсылманның ұрпағы біз болғасын.«Дін –ұлттың...

Условно-досрочное освобождение

Условно-досрочное освобождение – это прекращение отбывания наказания до истечения...