Ұлттық ұлан қызметкерлері кәсіби мерекелерімен құттықталды

Абай облысында 10 қаңтар Қазақстан Республикасының Ұлттық ұлан күні қарсаңында, қауіпсіздігі аралас мекеме қызметкерлері, Ұлттық ұлан қызметкерлерін мерекелерімен құттықтады.
Абай облысында Ұлттық ұлан күні қарсаңында, қауіпсіздігі аралас мекеме қызметкерлері, өздерімен күнделікті, сот үкімімен бас бостандығынан айырылып, жазасын өтеп жатқан азаматтарды күзету және қадағалауды жүзеге асырып келе жатқан, Ұлттық ұлан қызметкерлерін мерекелерімен құттықтады. Мекеме бастығы сотталғандарды күзету және олардың жұмыс орындарында, орналасу орындарында қадағалауды, сондай-ақ сотталғандардың туыстарымен кездесуін жүзеге асыратын, Ұлттық ұлан қызметкерлеріне өзара бірлескен қызметтері үшін алғыс білдіріп, марапат қағаздарын ұсынды.
Мекеменің жедел және тәртіп бөлімдері қызметкерлері мен Ұлттық ұлан қызметкерлерінің өзара бірлескен жұмыс нәтижесінде өткен жылы, сотталғандарға сәлемдемемен, сырттан лақтырып жеткізу кезінде 22 ұялы телефон, 19 қуаттағыш құралдар, 700гр артық есірткі заттар, 22 л алкогольдің жолы кесілді. Бұл көрсеткіштер сотталғандар тарапынан жасалатын қылмыстар мен тәртіпбұзушылықтың алдын алды.-деп атап өтті мекеме бастығы әділет подполковнигі Аслан Нурбеков.

АЛАШТАНУШЫ МӘМБЕТ ҚОЙГЕЛДИЕВ – 80 ЖАСТА

Абай университетінде тарихшы-ғалым, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының...

АҚШ-тан бекер қайтып келген жоқ»: танымал заңгер туралы тың дерекпен бөлісті

Белгілі заңгер әрі құқық қорғаушы Айгүл Орынбек «Нұр Отанның»...

«Нұр Отанның» бұрынғы идеологы 10 жылға бас бостандығынан айырылды

Алматы қаласының Алмалы аудандық сотында Б., К. Н.-ға қатысты...

Цифровизация ювенального правосудия в Республике Казахстан: задачи и перспективы

Цифровизация ювенального правосудия в Республике Казахстан направлена на создание...

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – ЕЛДІГІМІЗДІҢ АЙҒАҒЫ

Тіл – ұлттың рухани тірегі, тарихи жады мен мәдени...