12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

    «Ұлттық ойындар»  авторлық бағдарламасының  берері не?

Мазмұны бойынша барлық халық ойындары балаларға қол жетімді. Олар ойдың белсенді жұмысын тудырады. Бала көкжиегінің кеңеюіне, қоршаған әлем туралы идеяларын нақтылауға, барлық психикалық процестерді жетілдіруге ықпал етеді. Оқушылар денесінің физикалық дамуының жоғары сатысына өтуіне ынталандырады. Ойын жағдайы баланы баурап алады және тәрбиелейді. Ал кейбір ойындарда кездесетін тұжырымдамалар, диалогтар кейіпкерлер мен олардың әрекеттерін тікелей сипаттайды.

Олар балалардан белсенді ақыл — ой әрекетін талап ететіндігін атап өту керек. Белгілі бір ойын тапсырмаларына негізделген ойындарда баланың сенсорлық сферасын кеңейтуге, оның ойлауы мен іс — әрекеттің тәуелсіздігін дамытуға ықпал ететін көптеген танымдық материалдар бар. Мәселен, жүргізушінің қозғалысына және ойын жағдайының өзгеруіне байланысты бала неғұрлым күрделі, яғни жедел және дұрыс реакцияны көрсетеді. Өйткені іс-әрекеттің жылдамдығы ғана қолайлы нәтижеге әкеледі. Сол тәрізді садақ ату кезінде баланың көру қабілеті жақсарады.  Қазіргі технлологияның жетілген заманында компьютерлік ойындар, ұялы байланыс телефондағы ойындардың баланың көру қабілетін нашарлататыны ғылыми тұрғыда дәлелденген.  Ал асық иіру, садақ тарту, жамбы ату осы көру қабілетінің қызметін арттырады.   Баланың ой өрісін кеңейтіп, бойын сергітеді. 

Ұлттық ойындарда қимыл қозғалыстың жиі-жиі қайталануы энергияны арттырады.  Бала белсенді болған сайын ойы сергек болады.  Кейбір ойындарда болатын жағдайды алдын-ала болжау, бағдарлау керек. Мысалы,  асық ойнында қашықтықта тұрып қай асықты көздесе ойында жеңіске жетеді. Осыны алдын-ала бағдарлау керек. Бұл жағдай баланың күнделікті өмірде де кездесетін  сәттерді алдын ала болжап, өзі шешім қабылдауына ықпал етеді.   Қозғалыс бағытын жиі өзгертуге байланысты ойындар икемділікке тәрбиелейді. Баланың адамгершілік тәрбиесінде ұлттық ойындардың маңызы өте зор. Ойындар балаларда жолдастық, ынтымақтастық және бір-бірінің әрекеттері үшін жауапкершілік сезімін дамытады. Ұжымдық ойынға қатыса отырып, бала команданың мүдделері үшін жанталасады. Серіктестіктің ынтымақтастық сезімдері ойындарда біртіндеп тәрбиеленеді. Бастауыш мектеп жасындағы балалардан ойындарда тек өз әрекеттерін жолдастарымен үйлестіру қажет.

Ойын ережелерінде үлкен тәрбиелік мән бар. Олар ойынның бүкіл барысын анықтайды, балалардың іс — әрекеттері мен мінез-құлқын, олардың қарым-қатынасын реттейді, ерік-жігерлерін қалыптастыруға ықпал етеді. Сонымен қатар, ұлттық ойындарда физикалық қасиеттер кешенді түрде дамиды. Ұлттық ойындардың көпшілігі қатысушылардан жылдамдықты талап етеді. Тезірек қашу, қуып жету, дыбыстық, визуалды, тактильді сигналдарға бірден жауап беру. Қатысушылардан бір әрекеттен екіншісіне тез ауысуды талап ететін ойындағы үнемі өзгеріп отыратын жағдайға орай ептілікке тәрбиеленуіне ықпал етеді.  Ал ең бастысы — интеллектуалды шектеулері бар балалар үшін маңызды аналитикалық процестерді қалыптастыру да тәрбиенің маңызды құралының бірі.

Тлек Жетимеков, Алматы облысы  Іле ауданы

Қоянқұс ауылы «№47 орта мектебі» МКМ

КӘСІПКЕРЛІККЕ ҚОЛДАУ КӨП

Жұмыс сапарымен Ақмола облысында болған Премьер-Министр Олжас Бектенов әуелі...

ЖАС ҒАЛЫМ ЯДРОЛЫҚ РЕАКТОРДЫҢ ҮЛГІСІН ЖАСАДЫ

Елдің жарқын болашағы шын мәнінде білімді, жан-жақты ұрпаққа байланысты. Болашағымызу осы жастардың іс-әрекеттері мен талпыныстарымен, өзгерістерге бейімделу қабілетімен және дамуға ұмтылуымен өлшенеді.

Серик Шапкенов после встречи с жителями г. Кульсары совершил объезд пострадавших домов

Глава региона посетил микрорайоны Достык, Жадырасын, Мешит-ауылы, где встретился...

Серік Шәпкенов Құлсары қаласының тұрғындарымен кездескеннен кейін зардап шеккен үйлерді аралады

Аймақ басшысы Достық, Жадырасын, Мешіт-ауылы ықшамаудандарына барып, тасқыннан үйі...

БЕЗ ФОРМАЛИЗМА И ПОД ЖЕСТКИМ КОНТРОЛЕМ

В СВЕТЕ КАТАСТРОФИЧЕСКИХ СОБЫТИЙ, СВЯЗАННЫХ С ВЕСЕННИМИ ПАВОДКАМИ, ПРЕДСТАВИТЕЛИ ПРАВИТЕЛЬСТВА РК ОТМЕЧАЮТ НЕОБХОДИМОСТЬ ТЩАТЕЛЬНОЙ ПОДГОТОВКИ К ПОСЛЕДУЮЩИМ СЕЗОНАМ, В ТОМ ЧИСЛЕ – И К БУДУЩЕМУ ОТОПИТЕЛЬНОМУ СЕЗОНУ.