Ұлттық киім – халықтың мәдени мұрасы

Наурызнама онкүндігі — төл мерекемізді тойлаудың жаңа дәстүрлерін қалыптастыруға, ең жақсы адами қасиеттерді – ашықтықты, шынайылықты, жауаптылықты, қайырымдылықты ашуға бағытталған. Ұлттық киімге арналған бүгінгі күн Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №60 мекемесіндегі әр қызметкер үшін ұлттық дизайнның көркемдігі мен қайталанбас өрнегіне тамсанып, бай мұраны зерттеп, одан шабыт алатын күн.


Ғасырлар бойы қазақтың ұлттық киімі қарапайымдылығымен және ұтымдылығымен ерекшеленіп келді. Тіпті, заманауи сән талғамы да оның маңызын кеміте алмақ емес. Қазіргі заманғы ұлттық киім ұлттық мінез бен ұлт бірлігін айшықтай отырып, ел мәдениеті мен тарихының ажырамас бөлігіне айналды. 


Атаулы күн бұл салада жаңашыл көзқарас пен шығармашылық тұрғыда дәстүр мен стильді ұштастыруға ынталандыратын “Ұлттық киім” күнін ұйымдастыруға себеп болды. Мұндай іс-шара ұлттық мәдениетті сақтауға және насихаттауға үлес қосып, сонымен қатар халық мұрасының маңыздылығын еске түсіріп, бірлігімізді арттыра түседі.


Бұл күнді мекеме қызметкерлері өз мәдениеті мен ұлттық бірегейлігі үшін мақтануға, озық дәстүрлерімізді қазіргі заманға жалғауға арнады.

АЛАШТАНУШЫ МӘМБЕТ ҚОЙГЕЛДИЕВ – 80 ЖАСТА

Абай университетінде тарихшы-ғалым, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының...

АҚШ-тан бекер қайтып келген жоқ»: танымал заңгер туралы тың дерекпен бөлісті

Белгілі заңгер әрі құқық қорғаушы Айгүл Орынбек «Нұр Отанның»...

«Нұр Отанның» бұрынғы идеологы 10 жылға бас бостандығынан айырылды

Алматы қаласының Алмалы аудандық сотында Б., К. Н.-ға қатысты...

Цифровизация ювенального правосудия в Республике Казахстан: задачи и перспективы

Цифровизация ювенального правосудия в Республике Казахстан направлена на создание...

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – ЕЛДІГІМІЗДІҢ АЙҒАҒЫ

Тіл – ұлттың рухани тірегі, тарихи жады мен мәдени...