«Условник» Республикалық-профилактикалық іс-шарасының өткізілуі»

2022 жылғы 20 маусымнан бастап 2022 жылғы 25 маусым аралығында облыс аумағында «Условник» атты кең ауқымды профилактикалық іс-шара өткізілуде. Іс-шара аясында Қызылжар аудандық пробация қызметінің қызметкерлерімен СҚО Қызылжар аудандық ЖПҚБ ПБ УПИ бірге аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған сотталған тұлғаларды тұрғылықты мекенжайы бойынша үй-үйді аралау өткізілуде.

Сонымен қатар, ҚР ІІМ іздестіру жүйесі мен басқа да мемлекеттік органдардың базасы бойынша бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылмаған барлық сотталушылардың тарапынан құқық бұзушылық немесе қайталанды қылмыстық құқық бұзушылықты уақтылы анықтау үшін тексеріс жүргізілуде. Тексеріс нәтижесінде сотталушылармен әкімшілік құқық бұзушылықтар мен қылмысты болдырмау және оның алдын алуға бағытталған жеке әңгімелесулер жүргізілуде.

Тұлғалардың тарапынан әкімшілік құқық бұзушылықты уақтылы анықтау үшін ІІБ барлық есебі бойынша күнделікті тексеру жүргізіледі. Әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру, сотталғандарды түзету, олардың тарапынан қайталанатын қылмыстардың алдын-алу, шартты түрде сотталған адамдардың сот белгілеген міндеттерді орындауын бақылау арқылы жалпы қабылданған әлеуметтік, ақылақтық және құқықтық нормаларды сақтау пробациялық бақылаудың мақсаты болып табылады.

СҚО бойынша ҚАЖД
Қызылжар аудандық ПҚБ аға инспекторы
әділет аға лейтенанты Т.Серікұлы

Абай облысындағы қауіпсіздігі барынша жоғары мекемеде сотталғандар арасында волейболдан турнир өтті

Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде...

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде Мейірімділік күніне орай кітап көрмесі ұйымдастырылды

Абай облысы бойынша ҚАЖ-дың қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде Мейірімділік...