Украинадан эвакуацияланған қазақстандықтар отырған тағы бір рейс Нұр-Сұлтанға қонды

Нұр-Сұлтанда Украинадан келген қазақстандықтар отырған «Эйр Астана» компаниясының рейсі қонды. Бұл Сыртқы істер министрлігі ұйымдастырған екінші рейс, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Эйр Астана» компаниясының борты 1 наурызда Катовицеден сағат 15.44-те (астана уақыты бойынша) ұшып, Қазақстан астанасына 21.03-те қонды. Ұшақта 120 қазақстандық отырды, оның төртеуі бала. 

Нұр-Сұлтан әкімдігі жолаушыларды қала бойынша жеткізу үшін үш автобус дайындады.  

Әуекомпания өкілдерінің мәліметінше, келесі рейстер еліне оралғысы келетін қазақстандықтардың тізіміне байланысты болады. 

Еске салайық, кеше Украинадан эвакуацияланған қазақстандықтар отырған алғашқы рейс Алматыға қонған болатын. Ұшақта 175 қазақстандық болды, оның ішінде алты бала бар.

Флешмоб ко Дню Республики запустили казахстанские студенты за рубежом

Студенты, которые учатся в иностранных вузах по программе «Болашақ»,...

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...

ЕЛДIК МҰРАТ — БIРЛIК ПЕН МЕМЛЕКЕТТIЛIКТIҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

Т әуелсіздік – ұлттың ұлы мұраты, мемлекеттіліктің алтын діңгегі....