Украинадан эвакуацияланған қазақстандықтар отырған алғашқы рейс Алматыға қонды

Алматыға әскери қақтығыс басталған кезде Украинада болған 175 Қазақстан азаматы келді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Эйр Астана» компаниясының борты Алматы әуежайына сағат 22:35-те қонды. Ұшақта Украина аумағынан Польшаға эвакуацияланған 175 қазақстандық болды, оның ішінде алты бала бар.

Эвакуацияланған қазақстандықтарды әуежайда туыстары мен жақындары гүл шоқтарымен қарсы алды.

Қазақстандықтар сағат 16:25-те (астана уақыты бойынша) Польшаның Катовице қаласынан Алматыға ұшып кетті.

Барлығы А-321 ұшақтарында үш репатриациялық рейс орындау жоспарланған. Екінші рейс 28 ақпанда сағат 14:00-де Атыраудан Катовице қаласынан ұшады. Қазақстандықтармен екінші рейс жергілікті уақыт бойынша сағат 00:20 шамасында Атырауға қонады.

Айта кетейік, Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, 27 ақпандағы жағдай бойынша, 631 қазақстандықтан эвакуация бойынша өтініш түскен.  

Таяу Шығыстан 8585 қазақстандық елге қайтарылды  

Таяу Шығыс елдеріндегі жағдайға байланысты жүргізілген эвакуация басталғалы бері 8585 қазақстандық елге қайтарылды.

Қазақстанда биыл қанша баспана салынатыны белгілі болды 

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Үкімет отырысында елдегі тұрғын үй құрылысының көрсеткіштері туралы баяндама жасады.

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Сарапшы Қазақстанға төнетін қауіп жайлы айтты 

Таяу Шығыстағы жағдайдың шиеленісуі және Әзербайжанның Нахичевань қаласындағы әуежай аумағына ұшқышсыз ұшу аппаратының құлауы өңір елдеріне төнуі мүмкін қауіптерді қайтадан күн тәртібіне шығарды.

Қазақстанда күн күрт суытып, аяз -30 градусқа дейін жетеді

Қазақстанның бірнеше өңірінде 10–11 наурыз күндері ауа температурасы күрт төмендейді. Синоптиктердің болжамынша, түнде кей жерлерде минус 30 градусқа дейін суытуы мүмкін.

Қазақстанда әйелдер көп пе, ерлер ме? Ресми статистика жарияланды 

Қазақстан халқының саны 20,5 миллионнан асты. Ұлттық статистика бюросының соңғы деректері еліміздегі әйелдер мен ерлердің санына қатысты нақты мәліметтерді ұсынды.