Украинада министрліктер саны азаяды

Украинада үкіметті қайта құру жоспарланып отыр, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ZN.UA сайтына сілтеме жасап.

Украина президенті Владимир Зеленский мен министрлер кабинеті үкіметтің жаңа құрылымы туралы келісті, бұл шенеуніктер саны азаятынын білдіреді, сонымен қатар қазіргі 20 министрліктің орнына 14 министрлікті қалдыру жоспарланған.

Реинтеграция, уақытша басып алынған аумақтар, қауымдастықтар мен аумақтарды дамыту министрлігі, Инфрақұрылым министрлігі Инфрақұрылым мен аумақтарды дамыту министрлігіне біріктіріледі. Мәдениет және ақпарат саясаты министрлігі Еуропалық және еуроатлантикалық интеграция мәселесін Еуропалық интеграция, мәдениет және ақпараттық саясат министрлігіне қосады.

Экономика министрлігі, Стратегиялық салалар министрлігі және Аграрлық саясат және азық-түлік министрлігі — Экономикалық даму министрлігіне. Цифрлық трансформация министрлігі, Украинаның Мемлекеттік қызмет мәселелері жөніндегі ұлттық агенттігі (мемлекеттік қызмет) және Стратегиялық өнеркәсіп мәселелері жөніндегі министрлік — Цифрлық трансформация министрлігіне.

Ардагерлер істері министрлігі және Әлеуметтік саясат министрлігі – Ардагерлер істері және әлеуметтік саясат министрлігіне. Экология министрлігі атауы Экология және табиғи ресурстар министрлігі болып өзгертеді.

Украина үкіметі Энергетика министрлігін, Ішкі істер министрлігін, Сыртқы істер министрлігін, Қаржы министрлігін, Әділет министрлігін, Қорғаныс министрлігін, Денсаулық сақтау министрлігін және Білім және ғылым министрлігін өзгеріссіз қалдырады.

Сондай-ақ, құжатта министрліктер мен басқа да орталық атқарушы билік органдарының (ОАБО) шекті санын қысқарту көзделген. Сонымен қатар, басқару құрылымы өзгереді. Стратегиялар мен бағдарламаларды үйлестіруді премьер-министрге тікелей бағынатын үкімет орталығы жүзеге асырады.

ДҰРЫС АУДАРМА ЖАСАУ ҮЛКЕН ӨНЕР

Әл – Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология  факультетінде...

В учреждениях области Абай провели онлайн-турнир по шахматам

Среди осужденных, отбывающих наказание в учреждениях уголовно-исполнительной системы области...

ӘДІЛЕТ ЖОЛЫНДАҒЫ ОТЫЗ ЖЫЛ

Қазақстан Республикасы Судьялар одағының 30 жылдығына орай Сот жүйесі –...

Честность, профессионализм и ответственность – основа государственной службы

В Ауэзовском районе Алматы состоялась встреча с государственными служащими,...

Адалдық, кәсібилік және жауапкершілік – мемлекеттік қызметтің негізі

Алматы қаласының Әуезов ауданында мемлекеттік қызмет, қызметтік әдеп және...