Украина-Польша шекарасынан 241 қазақстандық өтті

Қазақстанның 241 азаматы Украина-Польша шекарасын кесіп өтті, тағы 99 азамат шекарада кезекте тұр, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«28 ақпандағы жағдай бойынша Украина-Польша шекарасын Қазақстанның 241 азаматы кесіп өтті. Шекарада тағы 99 отандас күтіп тұр, олармен бірге Қазақстанның Киевтегі Елшілігінің дипломаттары бар.

Қазақстанның Польшадағы Елшілігі біздің азаматтардың шекарадан өтуін қамтамасыз ету үшін поляк тарапынан шекарада дипломаттардың тәулік бойы кезекшілігін қамтамасыз етті», — делінген хабарламада.

174 орынға есептелген «Эйр Астананың» эвакуациялық борты 28 ақпанда Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 09.50-де Атыраудан ұшып шыққаны атап өтілді. Катовице қаласына келетін уақыты — Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 14.00.

Катовице — Атырау бағыты бойынша кері рейс 28 ақпанда Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 15.30-ға жоспарланған.

Қазақстан азаматтары Катовицеге жиналып жатқандықтан, қосымша эвакуациялық рейстер де жоспарланған.

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...

ЕЛДIК МҰРАТ — БIРЛIК ПЕН МЕМЛЕКЕТТIЛIКТIҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

Т әуелсіздік – ұлттың ұлы мұраты, мемлекеттіліктің алтын діңгегі....

Көкшетауда жыр додасы өтті: республикалық байқаудың жеңімпаздары анықталды

Көкшетау төрінде қазақтың көнеден жеткен жыршылық өнері қайта жаңғырып,...

Жазбаша іс жүргізу

Сот істі дайындау барысында және алдын ала тыңдауда талап...