Украинаға 85 зымыран соққысы жасалды — Владимир Зеленский

Украина президенті Владимир Зеленский елге 85 зымыранмен шабуыл жасалғанын айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Украинаға 85 зымыран соққысы жасалды. Баспанада болуға шақырамын, жаңа шабуылдар болуы мүмкін», — деді ел президенті.

Бұған дейін Украинаның барлық облысында әуе дабылы қағылғанын, Киевте екі тұрғын үйге зымыран соққысы жасалғанын жазған едік.

Киевтің сол және оң жағалауында тұратын тұрғындар жарылыс дыбыстары естілгені туралы хабарлаған.

Бұған қоса, Кривой Рог әскери әкімшілігінің басшысы Александр Вилкул мен Николаев облыстық әскери басқармасының төрағасы Виталий Ким Ресейден жаппай зымыран ұшырылғаны туралы мәлімдеген еді.

Үздік университеттер қатарындамыз

QS Asia University Rankings – бұл жыл сайын британдық...

Білімді маманға сұраныс жоғары

Жыл сайын жоғары оқу орындарын бітіріп, еңбек нарығына араласатын...

АНА ТІЛІ – ҰЛТТЫҢ ӨЗЕГІ: СОТТАҒЫ АНА ТІЛІМІЗДІҢ ТАҒДЫРЫ

Егеменді еліміздің басты құжаты Қазақстан Республикасының Конституциясының 9-бабы 1-тармағында...

Инициативы Съезда лидеров мировых и традиционных религий в центре международного круглого стола с участием ЮНЕСКО

От этики искусственного интеллекта до сохранения сакрального наследия: участники...