Абай облысы бойынша ҚАЖД Үржар аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандарға азық-түлік жеткізілді. Пробация қызметкерлері аудан прокурорымен бірлесіп, есепте тұрған сотталғандардың отбасы жағдайы, мінез құлқы өмірге деген көз қарасы зерделеніп зертеліп, оларға тиісінше, ҚР-ның 30 желтоқсаны 2016 жылы пробация қызметі туралы қабылданған “Пробация” заңы аясында әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету үшін азық түлік беріліп жатыр.
– Есепте тұрған сотталғандардың арасынан өмірлік қиын жағдайда тұрған, көпбалалы жанұяларға, үй жалдап тұрып жатқан еспетегі тұлғаларға аудан прокурорының көмегімен бірлесіп азық түлік ұсынылды. Пробация қызметінің негізгі жұмыс бағыттарының бірі қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаларға сотталғандарға және түзеу мекемелерінен босап шыққан азаматтарға құқықтық әлеуметтік көмек түрлерін көрсете отырып олардың түзеліп, еліміздің толыққанды азаматы болып шығуларына жәрдемдесу болып табылады.
Пробация қызметі бұл бағыттағы жұмыстарды келешекте де жалғастыра отырып өмірде аяғын шалыс басып қателескен азаматтарды қоғамға бейімдеу, тәрбиелеу олардың түзелу жолына тұруына ықпал ету сияқты жұмыстарын жалғастыратын болады, – деді пробацияқызметініңбастығы Данияр Танысбаев.


