Үрджар ауданында бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өткізілді

 
Абай облысы бойынша  ҚАЖД Үржар аудандық   пробация қызметі есебінде тұрған сотталғандарды жұмыспен қамту мақсатында жергілікті атқарушы органдардың  және жеке кәсіпкерлердің қатысуымен бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті. Бүгінгі таңда Үржар аудандық пробация қызметі бөлімінде қоғамнан оқшаулаға байланысты емес жазаға тартылған, сотты болған 30 адам есепте тұр.
Жәрмеңке барысында есепте тұрған жұмыссыз сотталғандарға бос жұмыс орындары қарастырылды. Болашақта оларға тиісті жұмыс орындары қарастырылады.

Пробация қызметі сотталғандарды жұмыспен  қамту бойынша жергілікті атқарушы органдар, жеке кәсіпкерлермен бірлесе жұмыс жасап көптеген іс-шаралар өткізеді, әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетеді.

-Сотталғандарды түзеудің негізгі жолдарының бірі – ол жұмыспен қамту. Еңбек – сотталғандарды тәрбиелеудің, қоғамға әлеуметтік бейімделуіне ықпал ететін маңызды әдіс. Өйткені еңбекпен қамтылмаған адамның қылмысқа баруы оп-оңай. Сондықтан ең алдымен сотталғанды жұмыспен қамту жағын ойластырған жөн, — дейді Үржар аудандық пробация қызметінің бастығы Данияр Танысбаев.

Состоялось мероприятие посвященное Национальному дню домбры

5 июля 2026 года в учреждении минимальной безопасности №21...

Ұлттық домбыра күні: №10 мекемеде ұлттық өнер ұлықталды

Ұлттық домбыра күніне орай Алматы және Жетісу облыстары бойынша...

Абай облысы бойынша ҚАЖД орташа қауіпсіздік мекемесінде жазғы спартакиаданың салтанатты жабылу рәсімі өтті

Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің орташа қауіпсіздік мекемесінде...

Торжественное закрытие летней спартакиады состоялось в учреждении средней безопасности ДУИС по области Абай

В учреждении средней безопасности Департамента уголовно-исполнительной системы по области...