«Участок»  жедел-профилактикалық іс-шарасы Қызылжар ауданында өткізілуде

2022 жылғы 01 қыркүйек бастап 2022 жылғы 01 қараша аралығында облыс аумағында «Участок» атты кең ауқымды профилактикалық іс-шара өткізілуде. Іс-шара аясында Қызылжар аудандық пробация қызметінің қызметкерлерімен СҚО Қызылжар аудандық ЖПҚБ ПБ УПИ-мен бірге аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған сотталған тұлғаларды тұрғылықты мекенжайы бойынша үй-үйді аралау өткізілуде. Сонымен қатар, ҚР ІІМ іздестіру жүйесі мен басқа да мемлекеттік органдардың базасы бойынша бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылмаған барлық сотталушылардың тарапынан құқық бұзушылық немесе қайталанды қылмыстық құқық бұзушылықты уақтылы анықтау үшін тексеріс жүргізілуде.                                         

Тексеріс нәтижесінде сотталушылармен әкімшілік құқық бұзушылықтар мен қылмысты болдырмау  және оның алдын алуға бағытталған жеке әңгімелесулер жүргізілуде. Тұлғалардың тарапынан әкімшілік құқық бұзушылықты уақтылы анықтау үшін ІІБ барлық есебі бойынша күнделікті тексеру жүргізіледі. Айта кетсек әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру, сотталғандарды түзету, олардың тарапынан қайталанатын қылмыстардың алдын-алу, шартты түрде сотталған адамдардың сот белгілеген міндеттерді орындауын бақылау арқылы жалпы қабылданған әлеуметтік, моральді және құқықтық нормаларды сақтау пробациялық бақылаудың мақсаты болып табылады.

                                              СҚО бойынша ҚАЖ департаменті       

                  Қызылжар аудандық ПҚБ аға инспекторы

                  әділет аға лейтенанты Т.Серікұлы

Абай облысы бойынша ҚАЖД-ның максималды қауіпсіздік мекемесінде сотталғандар арасында шахмат турнирі өтті

Абай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесінің максималды қауіпсіздік мекемесінде сотталғандар...

В учреждении максимальной безопасности УИС по области Абай прошёл шахматный турнир среди осуждённых

В учреждении максимальной безопасности уголовно-исполнительной системы по области Абай...