«Участок» жедел алдын алу іс-шарасы кезінде сотталғандарға күшейтілген бақылау

2022 жылдың 1 қазаңынан 1 қарашасы аралығында пробация қызметі бөлімінің қызметкерлері СҚО Жамбыл ауданы ПБ учаскелік полиция инспекторларымен бірлесіп «Участок» жедел — профилактикалық іс-шарасын өткізді.

Іс-шараның негізгі мақсаты қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазалау шараларына сотталған адамдар тарапынан жаңа қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды алдын алу және рецидивтік қылмыстардың жолын кесу болып табылады.

ЖПШ алғашқы күндерінде жазасын өтеуден қасақана жалтарған бір сотталғанға қатысты бас бостандығын шектеуді бас бостандығынан айыруға ауыстыру туралы ұсыныс енгізілді. Қазіргі уақытта материал соттың қарауында. Тұрғылықты жері бойынша тексеру кезінде жазаны өтеу тәртібі мен шарттарының екі бұзылуы анықталып, сотталғандарға жазаны бас бостандығынан айыруға ауыстыру туралы ескертулер шығарылды. Тұрғылықты жері мен жұмыс орны бойынша тексеру кезінде барлық сотталғандармен қайталама қылмыстық құқық бұзушылықтарға жол бермеу туралы, сондай-ақ оларға әсер етуі мүмкін жақын туыстары мен адамдарымен профилактикалық әңгімелер жүргізіледі.

СҚО бойынша ҚАЖД

Жамбыл ауданының ПҚБ

бастығы

әділет подполковнигі

Абзалимов С.

Абай облысы бойынша ҚАЖД-ның максималды қауіпсіздік мекемесінде сотталғандар арасында шахмат турнирі өтті

Абай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесінің максималды қауіпсіздік мекемесінде сотталғандар...

В учреждении максимальной безопасности УИС по области Абай прошёл шахматный турнир среди осуждённых

В учреждении максимальной безопасности уголовно-исполнительной системы по области Абай...