Учаскелік полиция инспекторы тұрғынның жоғалған сиырларын тауып алғыс алды

Мақтаарал АПБ-нің учаскелік полиция инспекторы Нұрдаулет Айтжанов тұрғынның жоғалған сиырларын ізін суытпай тауып берді. Нақтырақ айтсақ, аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын шағымданып, өріске жіберген 6 бас сиырының белгісіз жағдайда жоғалып кеткенін жеткізген.

Біреу ұрлап кетті ме, әлде жоғалды ма білмей, өздігінен 10 күн бойы ауыл-аймақты, жақын жерлерді іздейді. Алайда іздеуі сәтсіз аяқталады. Содан учаскелік полиция инспекторына хабарласып, мән-жайды айтып, көмек беруін сұрайды. Хабар алысымен полиция майоры Нұрдаулет Айтжанов іске кірісіп, барлық қажетті іс-шараларды жүргізді. Жолға толғамайтын «Нива» маркалы қызметтік көлікпен өзіне бекітілген, ой-шұқырын жақсы білетін аумақты мұқият қарап іздейді. Осындай жүйелі іздестірудің арқасында, кешкі уақытқа дейін сиырларды тауып, заңды иесіне қайтарып берді. Белгілі болғандай, ірі-қара малдар ауылдан 15 шақырым қашықтықтағы көрші ауылдан табылған.

Ауыл тұрғыны полицейлерге шынайы алғысын жаудырды: «Мен Үміт, әкемнің 6 бас сиыры жоғалды, іздедік, еш таба алмадық. Ал, полицей Нұрдаулет өзінің кәсіби шеберлігін көрсетіп, міне 1 тәулікке жеткізбей малдарымды тауып берді. Ризамын, жұмыстары алға бассын. Полицейлердің жұмысына табыс тілеймін!», — деп атап өтті.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Азаматтық істердегі эксаумақтық соттылық: сот төрелігінің тиімділігін арттыру тетігі

Қазіргі таңда азаматтық-құқықтық қатынастардың кеңеюі мен қоғамның цифрлануы сот...

БАЛА ТҰЛҒАСЫ ЖӘНЕ ПЕДАГОГ КӘСІБИЛІГІНЕ АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖИЫН ӨТТІ

Бүгін Абай университетінде «Бала тұлғасы және педагог кәсібилігі: мектепке...

АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ КӨШПЕНДІЛЕР ӨРКЕНИЕТІН ЗЕРТТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Абай университетінде «Көшпенділік – мәдениет пен өркениет түрі: заманауи...

«ЗАКОНЫ НЕ РАБОТАЮТ»: УДОБНЫЙ МИФ ИЛИ ГОРЬКАЯ ПРАВДА? 

ЕСТЬ ФРАЗА, КОТОРУЮ В КАЗАХСТАНЕ МОЖНО УСЛЫШАТЬ ПОЧТИ В...