12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Уақыт қажеттілігінен туған жоба

Дәл қазір елімізде жаңа Конституция жобасы жарияланып, талқылану үстінде. Уақыт сұранысын ескере отырып енгізілген өзгерістер, халқымыздың  құқықтық еркіндігін қамтамасыз етіп, азаматтарымыздың қоғамдағы қауіпсіздігін қалыптастырарына сенім мол. Өйткені Конституция – тек заң нормаларының жиынтығы емес. Әр елдің Конституциясы – қоғам дамуының негізгі құндылықтарын, қағидаттары мен бағдарларын бекітетін басты құжат.

Жаңа өзгерісте мәтіннің 84 пайызы өзгеріске ұшырады. Яғни жаңа баптар мен бөлімдер енгізілді. Негізгі заңның құрылымы айтарлық­тай өзгерді. Дегенмен Конституцияның жаңашылдығы, түзетулердің көптігінде ғана емес, ең алдымен оның жаңа тұжы­рым­дамалық мазмұнында.

Жаңа преамбулада, біріншіден, адам құқықтары мен бостандықтары алғаш рет мемлекеттің негізгі басымдығы ретінде жарияланды; Екіншіден, бірлік пен ынтымақ, этносаралық және конфес­сияаралық келісім мемлекеттілігіміздің негізі ретінде айқындалды; Үшіншіден, соңғы жылдары қоғамдық сананың ажырамас бөлігіне айналған Әділеттілік, Заң мен Тәртіп, табиғатты аялау сияқты құндылықтар алғаш рет бекітіледі; Төртіншіден, алғаш рет Конституцияның кіріспесінде мемлекеттілігіміздің тарихи жолы мен өркениет бастаулары айқын көрсетілді. Яғни преамбуланың кейбір сөйлемдері ғана ауысып, үтір-нүктесі ғана өзгерген жоқ. Жаңа преамбула өт­кен тарихи тамырымызды құндылық ре­тін­де айқындап, бүгінгі уақыттың негіз­гі қағидаттарын нақты белгілеп, болашаққа бағдар болатын ұстанымдарды бекітіп отыр

Жаңа Конституция жобасының басты артықшылығы – мемлекет пен қоғамның өзегін «адам және оның құқықтары» принципіне нақтырақ байланыстырып, құқықтық нормалардың дәлдігін күшейтуі. Жобада білім мен ғылым, мәдениет пен инновациялар мемлекеттік дамудың негізгі идеясы ретінде айқын көрсетілген және қолданыстағы конституциядан логикалық айырмашылығы – табиғи, қаржылық, инфрақұрылымдық ресурстарға емес, адами капиталға сүйенетін құқықтық бағдар қалыптастыратыны.

Сонымен қатар, жобада құқықтар мен бостандықты қорғау механизмдерін күшейтіп, құқықтық айқындық принципін нақтылауға басымдық берілгені атап өтіледі. Бұл азаматтың құқықтық қорғалуын арттыруға бағытталады. Қазіргі цифрлық ортаның талаптарына сәйкес, жобаның ерекше жаңалығы – цифрлық трансформацияны конституциялық деңгейде мойындап, азаматтардың цифрлық ортадағы құқықтарын қорғау нормасын алғаш рет бекітуі. Бұл норма – цифрлық кеңістіктегі жеке өмірдің қорғалуы, дербес деректердің қауіпсіздігі, онлайн-қызметтерді пайдалану кезіндегі құқықтық кепілдіктер сияқты шараларға «ең жоғарғы құқықтық күш» деңгейінде қорғаныс қабатын қосуы. Нәтижесінде, электрондық үкімет сервистері, цифрлық сәйкестендіру, мемлекеттік деректер жүйелері және киберқауіпсіздік бойынша талаптар тек ведомстволық ережелермен емес, конституциялық құндылықтармен үйлестіріліп дамуға мүмкіндік алады. Яғни жеке деректерді қорғау – бүгін­де адам құқықтарын қорғаудың жаңа өлшемі ретінде айқындалып отыр. Бұл Конс­ти­ту­цияның болашаққа бағытталғанын көр­сетеді. Осы тұрғыдан алғанда, жаңа Конс­титуция келешекте басқа елдер үшін үлгі де, бағдар да болады деген үміт мол.

Беккужина Динара, Ақтөбе қалалық сотының судьясы

«ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» ҚАҒИДАТЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

Абай университетінде «Заң және тәртіп – әділетті қоғамның негізі»...

Халық кеңесін құрудың мәні жоғары

Қазақстанның Конституциясы – мемлекет дамуы мен қоғамдағы сенімді нығайтуға,...

Әскери сот процесінде ӘРПК нормалары бойынша әкімшілік істерді қарау

Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (ӘРПК) күшіне енуі әскери...

Сот приставы – сот саласындағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуші тұлға

Құқықтық мемлекетте сот билігінің беделі мен тиімділігі сот шешімдерінің...

Обозначили свою единую гражданскую позицию

Горняки АО «Шубарколь комир», коллектив разреза «Восточный» и молодежь...