Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелері Абай облысына іс-сапарға барды

         Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Дін істері комитетінің қолдауымен а.ж. 06-10 сәуір аралығында Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелері Абай облысына іс-сапарға барды.

Аталған іс-сапардың мақсаты халықтың дінтанулық сауаттылығын арттыру және діни экстремизмнің алдын алу, дін саласындағы мемлекеттік саясатты түсіндіру, қоғамда түсіндіру жұмысын жүргізу және деструктивті діни идеялардың таралуын алдын алу.

Облыста жалпы саны 20 іс-шара ұйымдастырылып, 400-ден астам адам қамтылды.

Аталған іс-шараға: Өмірханов Мақсат Ерланұлы – Абай облысы Дін мәселелерін зерттеу орталығы КММ директоры,  Халықов Медет Мұзапбарұлы – Түркістан облысы дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ директоры, дінтанушы, Сақан Дастан Дарханұлы – «Qamqor-Astana» ҚҚ Оңалту және бейімдеу бөлімінің теологы,  Канапиянов Ернур Болатбекович – ШҚО «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ теологы.

Түсіндіру тобының мүшелері Абай облысы аумағында әскери мекемелер, орта және спорт мектептері, ЖОО мен колледждер, аудандық әкімдіктер мен мәдениет үйлерінің базасында болды. Олар халық арасында «Деструктивті идеологияға қарсы төтеп беру дағдылары», «Террористік, діни экстремистік және деструктивтік іс-әрекеттерге көзделген құқықтық жауапкершілік» және т. б. тақырыптарда семинарлар мен түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Іс-сапар барысындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында ЖОО мен колледж студенттері мен мұғалімдері, мектеп мұғалімдері мен оқушылар, спортшылар мен әскери жұмысшылар, жұмыссыздар  және т.б. топтар қамтылды.

Ролик с юной домбристкой собрал сотни тысяч просмотров

Ролик, в котором 14-летняя Ксения играет на домбре, за...

Қазақ ағартушылығының жарық жұлдызы — Ыбырай Алтынсарин

Қазақ халқының рухани, мәдени және қоғамдық ой-сана тарихында өшпес...

Турнир по мини-футболу

17 ОКТЯБРЯ 2026 ГОДА В СПОРТИВНОМ КОМПЛЕКСЕ ФУТЗАЛЬНОГО КЛУБА...

Мақсат ХАЛЫҚ, қаржыгер-экономист: «ШЫҒЫНДАРДЫ ЖАЗЫП ОТЫРУДЫ ДАҒДЫҒА АЙНАЛДЫРУ ҚАЖЕТ»

Қазіргі қоғамда «қарыз, несие» деген ұғымдардың өмірімізге етене еніп...