12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

«Тұрмыстық зорлық зомбылық тиранның ісі». Қоғам белсенділері жастармен дөңгелек үстел өткізді

Алматыда Б. Момышұлы атындағы «Жас Ұлан» мектебінің директоры Нұрлыхан Ерекешов пен Ұлт жанашыры, қоғам қайраткері Динара Бердімұраттың ұйымдастыруымен тұрмыстық зорлық зомбылықтың алдын алуға бағытталған дөңгелек үстел өтті.

Қазіргі таңда елімізде тұрмыстық зорлық зомбылықты тоқтатуға бағытталған көптеген іс шаралар жүзеге асып жатыр. Соның ішінде жастар арасында тұрмыстық зорлық зомбылықтың салдары мен жазасы, отбасы құндылығы мен жұбайлар жарастығы турасында әңгіме өрбітудің маңызы зор. Сондықтан қоғамымыздағы белсенді тұлғалар «Жас Ұлан» мектебінің болашақ офицерлерімен кездесу өткізіп, қоғамымыздағы өзекті мәселелерді талқылады. Кездесуде белсенді мамандар, психолог, коуч, кәсіпкер, Ел Жанашыры тұлғалар қатысып, өз ойларын ортаға салды.

Атап өтер жайт жақында 15 сәуірде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күресуге бағытталған заңға қол қойған болатын. Аталмыш заң ел ішінде толық жұмыс істеуі үшін ел ішіндегі мамандардың талдап, сарапқа салып отыратын осындай дөңгелек үстелдерінің маңызы зор.

Алғаш болып сөз алған  ҚР Президентінің «Алғыс хатының» иегері, «Батыр Шапағаты», «Намыс», төс белгілерінің иегері, Ел Жанашыры Асанова Замзагуль Ермековна «Сіздердің болашақта өз салаларыңызда мықты азамат болатындарыңызға, қорғаныс жағынан Еліміздің мақтанышы болатындарыңызға сенім мол. Ел болашағы жастар ретінде сендердің қоғамға үлгі болуларың парыз. Осы орайда тұрмыстық зорлық зомбылық әйелдер мен балалар мәселесіне тиісті болғанымен, зорлық- зомбылықсыз әлемді бірге қорғауға бәріміз де атсалысып жұмыла енбек етіп, әдемі іс әрекет жасасақ, өскелен ұрпағымызға дұрыс тәрбие беріп нығайтсақ — бұндай мәселелер азаяды» деп атап өтті.

Ал ұлт жанашыры Динара Бердімұрат «Жаңа заң әйелдер мен балаларға қатысты қылмыстар үшін жазаны күшейтуді көздейді. Осылайша, бұрын ұрып-соғу және денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру әкімшілік құқық бұзушылық ретінде сараланып келсе, енді осы тектес қылмыстар үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілді. Жазаларға 80-ден 200 АЕК-ке дейін айыппұл, 200 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту және 50 тәулікке дейін қамауға алу жатады. Жәбірленушіні азаптағаны үшін 600 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту немесе 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру, денсаулыққа орташа ауырлықтағы зиян келтіргені үшін – 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру, денсаулыққа ауыр зиян келтіргені үшін – 3 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылады. Педофилді өлтіргені үшін өмір бойына бас бостандығынан айыру,  кәмелетке толмаған 16 жасқа толмаған балаларды жыныстық қудалау үшін 200 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту және 50 тәулікке дейін қамауға алу қарастырылған. Кәмелетке толмағанды заңсыз бас бостандығынан айырғаны үшін – 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру, ал кәмелетке толмаған баланы ұрлау – 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру шарасы қолданылады. Егер осы заң өз деңгейінде жұмыс істесе көп мәселеміз шешілер еді. Жалпы тұрмыстық зорлық зомбылық тиранның ісі екенін ұмытпауымыз керек» деді.

Одан өзге дөңгелек үстелге нейротрекер, қарым-қатынас эксперті, филология ғылымдарының pHD докторанты, ұлт жанашыры Жансая Ибраем, Q-line және Koral компаниясының негізін қалаушы, қыз-келіншектердің сапалы әрі пайдалы отандық косметика қолдануын қамтамасыз етіп жүрген бизнес леди Жайнар Айтжанова, Педагогика ғылымдар магистрі, қоғам қайраткері, «Қазақстан бойынша бастауыш және мектепке дейін оқушыларын оңай оқыту» кітаптарының авторы Айдана Сәрсенбекқызы, 16 жылдық тәжірбиесі бар жалпы тәжірбиелік дәрігер, нутрициолог, тамақтану саласының эксперті “Сенің -денсаулығың, Сенің — миллиондарың кітабының” авторы, Алматы қаласындағы “Dr.AidaMukhtarovna” — орталығының негізін қалаушысы Арыстанова Аида Мухтаровна және психолог, психология магистрі, кәсіпкер, “Батыр Шапағаты”,  “Медицина саласының үздігі” медальдарымен марапатталған, Ел жанашыры Аширбекова Данна Кыздарбековна қатысты. Кәсіпкер, QazAguaBur компаниясының IT-менеджер,Ел жанашыры Буданова Айжан Нұржанқызы да тұрмыстық зорлық зомбылықтың алдын алуға қатысты ойымен бөлісті.

Олардың барлығы тұрмыстық зорлық зомбылық мәселелерін айыптап, жастарды жаман әдеттен сақтандыруға үндеді.

Жиын соңында Жас Ұлан» мектебінің директоры, полковник  Нұрлыхан Ерекешов спикерлерді алғысхатпен марапаттап, ризашылығын білдірді.

Сот саласындағы мұрағаттың маңызы мен рөлі

Сот саласының мұрағаты – құқықтық мемлекет қалыптастырудағы маңызды құрылымдардың...

Сыбайлас жемқорлық – қоғамның қауіпсіздігі мен дамуына төнген қатер

Сыбайлас жемқорлық – кез келген мемлекеттің саяси, экономикалық және...

Сот қызметіндегі тіл – әділ соттың негізі

Тіл – сот төрелігін жүзеге асырудағы басты құралдардың бірі....

Трудовые отношения и социальное партнерство

В Казахском национальном университете им. аль-Фараби состоялась ежегодная Международная...

«Қардан жасалған шедеврлар» қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде сотталғандар Жаңа Жылға дайындалуда

Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде...