12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Тұрақты қалалар мен қауымдастықтар

  Тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ) бірі – 11-мақсат: “Тұрақты қалалар мен қауымдастықтар”. Бұл мақсат қалалар мен елді мекендерді инклюзивті, қауіпсіз, тұрақты және өмір сүруге қолайлы етуге бағытталған. XXI ғасырда урбанизация қарқынды жүріп, қала халқының саны артып келеді. Бүгінде әлем халқының шамамен 56%-ы қалаларда тұрады, ал 2050 жылға қарай бұл көрсеткіш 68%-ға жетеді деп болжануда. Мұндай өзгерістер қалалардың инфрақұрылымына, ресурстарды тұтынуға және экологиялық тұрақтылыққа ерекше назар аударуды талап етеді.Бұл мақсат қалаларда қауіпсіз және қолжетімді баспанамен қамтамасыз етуді көздейді. Әлемде миллиондаған адам әлі күнге дейін лайықты тұрғын үйсіз өмір сүруде, олардың көпшілігі лашық аудандарында тұрады.Қоғамдық көлікті жетілдіру, экологиялық таза көлік түрлерін дамыту және қалалардағы қозғалыс қауіпсіздігін арттыру маңызды бағыттардың бірі болып табылады.Қалаларда ауа сапасын жақсарту, қоқыс өңдеу жүйесін жетілдіру және энергияны тиімді пайдалану тұрақты дамудың ажырамас бөлігі.Қалалардың мәдени-тарихи мұрасын сақтау және болашақ ұрпаққа жеткізуге бағытталған.Қалалардың табиғи апаттарға бейімделуін күшейту және климаттың өзгерісіне төтеп беретін инфрақұрылым құру маңызды.Қала дамуына барлық тұрғындардың, әсіресе осал топтардың, белсенді қатысуын қамтамасыз ету көзделеді.Қалалардың тұрақтылығы тек экологиялық немесе экономикалық тиімділікті ғана емес, сонымен қатар халықтың өмір сапасын арттыруды қамтиды. Мысалы:

1.Энергияны үнемдейтін ғимараттар мен көлік жүйелері қоршаған ортаға әсер етеді.

2. Баршаға тең мүмкіндік пен қолайлы орта құру әлеуметтік шиеленістерді азайтаҚалаларда жаңа технологияларды енгізу мен инфрақұрылымды жетілдіру экономикалық дамуға серпін береді.

Қазақстанда урбанизация қарқынды дамуда: халықтың шамамен 60%-ы қалаларда тұрады. Мемлекет бұл үдерісті тиімді басқару үшін бірнеше шараларды жүзеге асыруда:

• «Жасыл қала» жобалары: Экологиялық тұрақтылықты арттыру үшін Астана, Алматы, Шымкент және басқа қалаларда жасыл аймақтар кеңейтілуде.

•Қолжетімді баспана бағдарламалары: “Нұрлы жер” сияқты мемлекеттік бағдарламалар арқылы тұрғын үй құрылысы қарқынды жүріп жатыр.

•Қоғамдық көлік реформасы: Алматы мен Астанада экологиялық таза автобустар мен жеңіл рельсті көлік желілері енгізілуде.

•Мәдени мұраны сақтау: Елде тарихи және мәдени ескерткіштерді қалпына келтіру және қорғау жұмыстары белсенді жүргізілуде.

    Тұрақты даму мақсаттарының 11-мақсаты адамзаттың болашағына бағытталған стратегиялық мақсат. Тұрақты қалалар құру – тек мемлекеттер мен үкіметтерге ғана емес, әрбір азаматқа жүктелген міндет. Қазақстанда бұл бағытта көптеген оң өзгерістер байқалуда, бірақ тұрақты даму мақсаттарына толық жету үшін халық пен билік арасындағы ынтымақтастықты күшейту маңызды. Тек осылай ғана инклюзивті, қауіпсіз және тұрақты қалалар құра аламыз.Әл Фараби атындағы ҚазҰУ Заң факультеті қылмыстық құқық,қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасы жоғарыда аталған мақсатқа жетуге өз үлесін қосуда.Білім алушылармен қаламыздың дамуы үшін шараларға белсенді қатысудамыз.

Бисенова М.Қ.,
әл-Фараби атындағы
ҚазҰУ Заң факультеті қылмыстық

құқық, қылмыстық іс жүргізу және

криминалистика кафедрасының доценті, з.ғ.к

В Алматинской области уровень оснащения медучреждений за три года вырос с 79% до 92%

В Алматинской области в рамках национального проекта «Модернизация сельского...

Алматы облысында соңғы үш жылда медициналық ұйымдарды жабдықтау деңгейі 79%-дан 92%-ға дейін артты

Алматы облысында Президент тапсырмасы негізінде қабылданған «Ауылдық денсаулық сақтауды...

В Алматинской области продолжается работа по привлечению медицинских кадров в рамках модернизации сельского здравоохранения

В рамках национального проекта «Модернизация сельского здравоохранения» Управление здравоохранения...

Борышкердің мүлкін өткізу тәртібі

Борышкердің мүлкiн өткізу тәртібі ҚР Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы...