12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Тұрақты даму мақсаттары: 16 мақсат-бейбітшілік,әділдік және тиімді институттар

Бейбітшілік – бұл адамзаттың ең маңызды құндылықтарының бірі. Ол қоғамның тұрақты дамуына, адамның еркін өмір сүруіне және болашақ ұрпақтың жарқын өмір сүретініне кепіл болады. Соғыс пен қақтығыс адамзатқа әрдайым үлкен қиындықтар мен қайғы әкелгенін тарихтан білеміз. Ал бейбітшілік өркениеттің дамуына, ғылымның, өнердің, мәдениеттің өркендеуіне септігін тигізеді. Бейбітшілік – тек қару-жарақсыз, қақтығыссыз өмір сүру ғана емес, сонымен қатар адамдардың бір-бірімен түсіністік пен ынтымақтастықта болуы. Бейбітшілік адамзат үшін әрбір адамның өмір сапасын арттыруда шешуші рөл атқарады. Ол ұлттар арасындағы сенім мен сыйластықты қалыптастырып, оларды ортақ мүддеге біріктіреді. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері бейбіт саясат ұстанып, ядролық қарусыздану идеясын қолдап келеді. Бейбітшілік – қоғамның тұрақты дамуы мен әрбір адамның қауіпсіз өмір сүруінің негізі. Әлемде бейбітшілік орнағанда, қоғам алға қарай дамып, адамзаттың рухани, әлеуметтік, экономикалық жетістіктері артады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында атап өткендей, Қазақстан дамуының негізгі міндеттеріне Тұрақты даму мақсаттары аясында жүргізілетін жұмыстар бірінші кезекте атқарылуы тиіс. Тұрақты даму мақсаттары (ТДМ)» — бұл Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше мемлекеттер 2030 жылдың соңына дейін қол жеткізуге бағытталған мақсаттарды қамтитын әмбебап әрекетке шақыру.Тұрақты даму мақсаттарына жету үшін ең бастысы ел ішіндегі татулық маңызды.

Сот төрелігі – құқықтық мемлекеттің, азаматтық қоғамның, әлеуметтік әділеттіліктің және адам құқықтарын қорғаудың маңызды институты. Ол қоғамдағы заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз етіп, қақтығыстарды шешудің әділ жолын ұсынады. Сот төрелігі арқылы заңдардың орындалуы және әр азаматтың құқығының қорғалуы қамтамасыз етіледі. Әділетті сот жүйесі – қоғамдағы тұрақтылық пен сенімнің кепілі. Сот төрелігі қоғамда құқықтық мәдениетті қалыптастырады. Ол азаматтарға өз құқықтарын білуге және қорғауға үйретеді. Сот әділдігі арқылы заң бұзушылыққа қарсы күрес жүргізіледі, құқық бұзушыларға тиісті жаза беріледі және жәбірленушілерге заңдық көмек көрсетіледі. Бұл құқықтық тәртіпті сақтау мен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Сот төрелігі – қоғамдағы әділеттілік пен тәртіптің негізі. Әділетті сот жүйесі азаматтардың заң алдындағы теңдігін, құқықтарын және бостандықтарын қорғап, қоғамның тұрақты дамуына ықпал етеді. Құқықтық мемлекет құру жолында сот төрелігінің әділдігі мен тәуелсіздігі басты орынға ие. Әрбір азаматтың құқықтары мен мүдделері сот төрелігі арқылы қорғалуы тиіс, бұл – қоғамның сеніміне ие, әділ және құқықтық мәдениетке негізделген мемлекеттің маңызды белгісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ  Заң факультеті қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасы да өз тарапымыздан жоғарыда аталған мақсаттарға жету жолында үлесімізді қосудамыз. Оқытушылар құрамы студенттермен дөңгелек үстел,акциялар,пікірсайыс т.б өткізуде.Болашақ заң саласының мамандарына қара қақ жарған әділ болуға шақырамын.


Бисенова М.Қ

Әл-Фараби атындағы

ҚазҰУ Заң факультеті қылмыстық құқық, қылмыстық

іс жүргізу және криминалистика кафедрасының доценті,з.ғ.к

Маулен Ашимбаев: культура диалога и согласия — ключ к преодолению глобальных вызовов

Каждая страна должна чувствовать ответственность и вносить свой вклад...

Мәулен Әшімбаев: Диалог пен келісім мәдениеті – жаһандық сын-қатерлерді еңсерудің кілті

Әрбір мемлекет тұрақтылықты нығайтуға жауапкершілікпен қарап, диалог пен келісім...

«Қазақ тілі – ғылым мен технология тілі» республикалық конференциясы өтті

2025 жылғы 5 қыркүйекте Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының ұйымдастыруымен Астана...

БҮГІН – ҰЛТТЫҢ РУХАНИ КӨСЕМІ АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫНЫҢ ТУҒАН КҮНІ

Бесінші қыркүйек күні Қазақстанда тілдер мерекесі тойланады. Бұл айтулы...

Qaitadan – апат жанрындағы тұңғыш отандық фильм

4 қыркүйектен бастап еліміздің барлық кинотеатрларында «Dala Cinema» киностудиясы ұсынған әлеуметтік-драма жанрындағы Qaitadan фильмі жарыққа...