Туризмге тың серпін: Қарағанды облысындағы Семізбұғы көлінде демалыс аймағы мен шипажай салу жоспарлануда

Қарағанды облысының Бұқар жырау ауданындағы Семізбұғы көлінің жағасында жаңа демалыс аймағы мен шипажай кешені бой көтермек. Жобада туристерге арналған қонақүй, сондай-ақ емдік балшық пен тұзды суды қолданатын сауықтыру орталығының құрылысы көзделген.

Семізбұғы көлі өзінің шипалы суы мен балшығымен танымал. Олар тері ауруларына қарсы тиімділігімен және адам ағзасына оң әсерімен ерекшеленеді. Осы табиғи байлықты тиімді пайдалану мақсатында жаңа туристік аймақты дәл осы көлдің маңында орналастыру жоспарланған.

Қазіргі таңда Бұқар жырау ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімі тапсырысымен аумақтың егжей-тегжейлі жоспарлау жоспары әзірленуде. 62 гектар аумақта туристік инфрақұрылымды дамыту көзделіп отыр: мұнда қонақүй, емдік-сауықтыру кешені, концерттер мен спорттық іс-шараларға арналған алаңдар салынады.

Жоспар барлық сараптамалық және келісу сатыларынан өткен соң, сәулет бөлімі жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуге кіріседі. Одан кейін жоба жеке инвесторларға ұсынылады. Жобаны іске асыру және болашақ кешенді басқару жеке меншік құрылымдардың қолына беріледі.

Аймақ үшін тағы бір жағымды жаңалық — Семізбұғы көліне апаратын Корнеевка – Бұқар жырау бағытындағы 15 шақырым жолдың жөнделуі. Болашақта туристер осы жолмен көлге еш кедергісіз жететін болады.

         Дауларды шешудің тиімді жолы

      Медиация, бітімгершілік, татулық келісімімен, яғни, басты мақсаты – екі...

Символ традиций в экоисполнении: в Алматы показали седло из переработанных материалов

На площади перед выставочным центром «Атакент» прошел масштабный фестиваль...

Методы разные, а результат один

В АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ ЗАФИКСИРОВАНЫ НОВЫЕ СЛУЧАИ ТЕЛЕФОННОГО И ИНТЕРНЕТМОШЕННИЧЕСТВА,...

Когда домбра – часть жизни 

ИМЯ ЮНОГО ДОМБРИСТА ИЗ КОКШЕТАУ АБЫЛАЙХАНА САМАТА ИЗВЕСТНО ДАЛЕКО...

Современные немецкие технологии 

В ЗЕРЕНДИНСКОМ РАЙОНЕ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ БЛИЗИТСЯ К ЗАВЕРШЕНИЮ СТРОИТЕЛЬСТВО...