«Turan Auto KZ»: қызметімізді жарнамалауға мүмкіндік алдық

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «Бизнеске жол» жобасын жүзеге асыруда. Жоба кәсіп иелерінің бизнес жүргізу барысында кездесетін әкімшілік кедергілер мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмауға көмектесу. Бұл бағыттағы жұмыстар Қызылорда облысында да жемісті жүзеге асуда.

Мысалы, Қызылорда қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі «Turan Auto KZ» ЖШС-мен сұралған жер теліміне автосалонның сыртқы жарнамасын орналастыру үшін келісім беруден бас тартқан.

Кәсіпкердің өтінішін зерделеу барысында облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшылығы ЖШС алаңында кездесу өткізді. Жиын қорытындысы бойынша Қызылорда қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі кәсіпкермен сұралған жер теліміне қала құрылысы және сәулет заң нормаларына сәйкес келетіні және жарнамалық стелла орнатуға мүмкіндік бары шешілді.

– Н.Назарбаев даңғылында автокөлік жарнамасын орналастыру кезінде кедергіге тап болдық. Өтінішімізді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті дер кезінде қарады. Нәтижесінде өз қызметімізді одан әрі жарнамалауға мүмкіндік алдық. Департамент басшылығына алғысымызды білдіреміз, – деді ЖШС өкілі.

Гүлбану МАҚАЖАН, Қызылорда облысы

Жетісу облысындағы инсульт орталықтарында Cerebra жасанды интеллект жүйесі енгізілді

Жетісу облысындағы барлық инсульт орталықтарында ишемиялық және геморрагиялық инсультті...

Как горный туризм может расширить экономику Алматы

Развитие Алматинского горного кластера и проекта Almaty SuperSki может...

Служба пробации Жетысуского района Алматы усилила профилактическую работу в рамках ОПМ «Безопасный дом»

В рамках оперативно-профилактического мероприятия «Безопасный дом» сотрудники службы пробации...

Атқарушылық іс жүргізу саласындағы заңдылықты сақтау

Қазақстан Республикасында атқарушылық іс жүргізу саласындағы заңдылықты сақтау, азаматтардың...