Түзеу мекемесінде Ұстаздар күні аталып өтті

Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаментінің 79 мекемесі жанындағы мектеп және колледж ұстаздары үшін «Ұстаз – ұлы есім» атты іс-шара аталып өтті. Бұл іс-шара білім беру саласындағы ұстаздардың еңбегін ұлықтау, олардың жазасын өтеу орнындағы білім алушы сотталған азаматшаларға берген білімдері мен тәрбиелерін жоғары бағалау мақсатында ұйымдастырылды. Шара барысында сотталған азаматшалар ұстаздарға арнап өлеңдер оқып, әндер орындап мың бұралып билеп өнерлерін көрсетті. Сонымен қатар, мектеп және колледж ұстаздарына арнайы облыстық департамент бастығының атынан алғыс хаттар табысталды. Бұл шара жас ұрпақтың ұстаздарға деген құрметін арттырып, олардың білім мен тәрбие берудегі рөлін ерекше атап өтуге мүмкіндік берді.

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде «Өмірдің маңызы бар» тақырыбында тренингтік іс-шара өткізілді

Абай облысы бойынша ҚАЖ орташа қауіпсіз мекемесінде психолог мамандар...

Абай облысындағы қауіпсіздігі төмен мекеме сотталғандары театр маусымының ашылуына қатысты

4 қыркүйекте Семей қаласында жаңа театр маусымының ашылуына арналған...