Түркия курортындағы өрт: зардап шеккендер арасында қазақстандықтар бар ма?

Түркиядағы тау шаңғысы курортынан өрт шықты. Жергілікті БАҚ мәліметтері бойынша өрттен қаза тапқандар саны 60-тан асып кетті,- деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Түркияның Болу провинциясында 21 қаңтарға қараған түні әйгілі Карталкая тау шаңғысы курортында үлкен өрт болды. Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі зардап шеккендердің арасында қазақстандықтар жоқ екенін мәлімдеді.

«Жергілікті биліктің алдын ала мәліметтері бойынша зардап шеккендердің арасында біздің елдің азаматтары жоқ», — деп жауап берді СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров Tengrinews.kz-ке.

Ақтөбе облысының әкімі әкімдік ғимаратындағы өртке байланысты мәлімдеме жасады

Әкімнің сөзінше, кеше облыстық әкімдік ғимаратында болған өрт толық сөндірілген, жағдай тұрақты, бақылауда.

Қазақстанда мұғалімдердің пәндік білімін бағалау тесті тоқтатылды

Қазақстанда мұғалімдердің пәндік білімін бағалау тесті тоқтатылды. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мәлімдеді.

Зейнетақы, жәрдемақы және әлеуметтік төлемдер: Қазақстанда кім қанша алады? 

Қазақстан соңғы жылдары әлеуметтік саясатты жүйелі түрде күшейтіп келеді. Бүгінде бұл бағыт тек уәде күйінде емес, нақты қаржылық механизмдер арқылы іске асып отырғанын көруге болады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Таяу Шығыстағы бітімге келу туралы келісімді құптайды 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістан Премьер-министрі Шахбаз Шариф пен Пәкістан Қарулы күштерінің бас қолбасшысы, фельдмаршал Асим Мунирдің араағайындығы арқылы Таяу Шығыстағы соғысты толық тоқтату және бітімге келу туралы келісімге қол жеткізілуін құптайды.

Алматы жолдарына жасырын патрульдер шықты

Алматы қаласында "STOP бұзушылық" тақырыбында ауқымды жедел алдын алу іс-шарасы аясында жолдарда жасырын патрульдеу форматы енгізілді.