Жуырда республика бойынша Түркістан қалалық пробация қызметі мен жастар ресурстық орталығынығ еріктілерінің бастамасымен «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы басталды. Науқан бес аптаға созылады. Əр аптаның өзіндік атауы мен нақты мақсаты бар.
Науқанның алғашқы күнінен 13 сəуірге дейін созылатын бірінші апта «Таза өлке» деп аталады. Бастапқы жеті күн ішінде елдімекендердің тұрғындары, қоғам белсенділері, ұйымдар мен кəсіпорындардың қызметкерлері іргелес аумақтар мен белгіленген аулаларды тазалайды.
20 сəуірге дейін жалғасатын екінші аптаға «Киелі мекен» атауы беріледі. Бұл күндері тарихи-мəдени ескерткіштер аумағын абаттандыру жұмыстары жүргізіледі.
27 сəуірге дейінгі үшінші аптаға «Жасыл аймақ» тақырыбы қойылды. Бұл апталықта көшеттер отырғызылады жəне ағаштар əктеледі.
«Өнегелі ұрпақ» деп аталған келесі апталық 4 мамырға дейін жалғасады. Айтылған күндері ардагерлер мен қарттардың аулаларына тазалық жүргізіліп, оларды абаттандыруға көмек беріледі.
«Мөлдір бұлақ» атауы берілген соңғы, бесінші аптада су айдындары – өзендер мен көлдердің айналасы қоқыстан тазартылады. Қалалық пробация қызметінің қызметкерлері пробация үйінің аумағын қоқыстан тазартып, арық-атыздарды тазалап, талдардың түбін әктеп, ағаш пен сәнді гүлдер отырғызды. Мемлекет тапсырмасының бастауымен әр өңірлерде, Таза Қазақстан акция болып жатыр. Аталған акцияға мектеп оқушыларынан бастап, таяқ ұстаған қарттарымыз да атсалысуда. Түркістан қаласында тұрғанан кейін, қаланың суын ішіп, ауасын жұтқанан кейін. Оның тазалығына бей-жай қарамау керек деп ойлаймын. Тазалық адамның денсаулығының кепілі. Сол арқылы ұрпаққа ұлгі-өнеге беру болып табылады. Осындай акцияларды қолдаймыз, барымызды салып халықпен бірге атсалысамыз.
Түркістан қаласында аталмыш іс-шара «Киелі мекен – біздің ортақ үйіміз» жалпықалалық науқаны аясында өтеді. Игі бастама аясында қазақстандықтарға татулықта өмір сүруді дәріптейтін, қоғамдық сана қалыптастырып, жауапкершілікті арттыруды насихаттайтын қайырымдылық жəне мəдени іс-шаралар өтуде. Олай дейтін себебім, пробация қызметінің есебінде тұрған сотталған азаматтар қалада тұратын жалғыз басты қариялардың үйлерінің ауласын тазалап береді. Мұндай акцияны біз жылда өткізіп отырамыз. Себебі, есепте тұрған адамдарды қоғамға бейімдеу мақсатында осындай ігі істердің тигізер септігі мол, — деді Түркістан қалалық пробация қызметінің аға инспекторы Жанболат Абдрахманов.
«Бірге Таза қазақстан!» экологиялық акциясы аясында Түркістан облысында әр апта сайын сенбілік өткізілуде. Қоршаған ортаны тазартқанда, басқасын былай қойғанда, су жағасына қаншама қоқыс шығарылуда. Болашақ ұрпаққа таза табиғат әлемін қалдырамыз десек, әркім өз ісіне салғырт қарамас екеен.


