Түркістанда жасөспірімдер тарапынан құқықбұзушылық анықталмады

Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖД Түркістан қалалық пробация қызметі және Полиция бөлімі инспекторларымен бірлесіп, пробация қызметі есебінде тұрған кәмелетке толмағандардың тұрақты мекен жайын Түркістан қалалық полиция басқармасының ювеналды полиция тобының қызметкерлері мен бірлесіп тексеріс жүргізіліп олардың ата-аналарымен профилактикалық сұхбат жүргізілді. Қылмыстың алдын алу және бұрын істі болғандармен кері байланыста мұндай шаралардың маңыз зор! Сондықтан көне қалада мұндай профилактикалық шараларды жиі өткізіп тұрады.

Бас бостандығынан айыру жазасына байланысты емес жазаға тартылған жастар арасында екі жасөсіпрім тіркеуде тұр. Осы тексеру барысында есепте тұрған жасөпрімдердің тарапынан құқықбұзушылық анақталмады. Есепте тұрған жасөспірімдер мен олардың ата-аналарына оқудан бос кезде міндетті түрде тұрғылықты жерде болу, алкагольдік ішімдік ішетін, құмар ойын-сауық орындарына бармау, пробация қызметіне белгілеген күндері келіп тіркелу міндетті болып табылады. Осы тәртіпті бұзған жағдайда бас бостандығын шектеу жазасы бас бостандығынан айыру жазасына алмастырылады. Ал, шартты жаза болған жағдайда шартты мерзімді ұзарту немесе шартты жазаның күшін жойып бас бостандығынан айыру жазасына алмастыруға сотқа ұсыныс жолданады, — деді Түркістан қалалық пробация қызметі бөлімінің аға инспекторы әділет капитаны Мұрат Кұрбаналиев.
Пробация қызметінің аға инспекторының сөзіне қарағанда бір күнде екі сотталған жасөспірімнің үйіне барып тексерген. Тексеру барысында жасөспірімдер тарапынан құқықбұзбағаны анықталған. Егер шартты түрде сотталушы жасөспірім сынақ мерзімі ішінде өзінің түзелгенін дәлелдесе шартты түрде соттаудың мерзімінен бұрын босату жөнінде сотқа ұсыныс беріледі.

OTBASY FEST — ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫН ДӘРІПТЕГЕН МЕРЕКЕ

Ақтөбе қаласы Астана ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен Триатлон саябағында отбасы...

Курс молодого бойца

С 31 АВГУСТА ПО 20 СЕНТЯБРЯ 370 КУРСАНТОВ, ПОСТУПИВШИХ...

Алматы мен Астана Орталық Азиядағы экономикалық көшбасшылықты сақтап қалуға дайын

Алматы ұзақ уақыт бойы Қазақстанның саяси және коммерциялық функцияларын...

Алматы и Астана сохранят экономическое лидерство в Центральной Азии

Алматы долгое время объединял политические и коммерческие функции Казахстана...

АСЫЛХАННЫҢ АСУЛАРЫ

«Биссмила» деп бастадым сөздің басын,Мұсылманның ұрпағы біз болғасын.«Дін –ұлттың...