Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖД Түркістан қалалық пробация қызметі және Полиция бөлімі инспекторларымен бірлесіп, пробация қызметі есебінде тұрған адамдарды жұмыс орындары бойынша тексеру жұмыстары Түркістан қаласы прокуроры өкілінің қатысуымен тексеру жұмыстары жүргізілді.
Қылмыстың алдын алу және бұрын істі болғандармен кері байланыста мұндай шаралардың маңыз зор! Сондықтан көне қалада мұндай профилактикалық шараларды жиі өткізіп тұрады. Іс-шара барысында профилактикалық және тізімдік есепте тұрған тұлғаларды жұмыс орындары бойынша тексеріп, құқық бұзушылықтың алдын-алу бойынша профилактикалық түсіндірме жұмыстары жүргізіледі.
Бас бостандығынан айыру жазасына байланысты емес жазаға сотталғандардың негізгі міндетін сот белгілейді. Атап айтқанда, оларға жұмыстан немесе оқудан бос кезде міндетті түрде тұрғылықты жерде болу, алкагольдік ішімдік ішетін, құмар ойын-сауық орындарына бармау, пробация қызметіне белгілеген күндері келіп тіркелу міндетті болып табылады. Осы тәртіпті бұзған жағдайда бас бостандығын шектеу жазасы бас бостандығынан айыру жазасына алмастырылады. Ал, шартты жаза болған жағдайда шартты мерзімді ұзарту немесе шартты жазаның күшін жойып бас бостандығынан айыру жазасына алмастыруға сотқа ұсыныс жолданады, — деді Түркістан қалалық пробация қызметі бөлімінің аға инспекторы әділет капитаны Мұрат Кұрбаналиев.
Пробация қызметінің аға инспекторының сөзіне қарағанда бір күнде 25 сотталғанның жұмыс орынына барып тексерген. Егер шартты түрде сотталушы сынақ мерзімі ішінде өзінің түзелгенін дәлелдесе шартты түрде соттаудың мерзімінен бұрын босату жөнінде сотқа ұсыныс беріледі.


