12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Түркістанда бір күнде 15 сатталған азамат тұрақты жұмысқа жолдама алды

Түркістан қаласында пробация қызметі есебінде тұрғандар, мүмкіндігі шектеулі, субсидияланатын жұмыс орындарына және жалпы жұмыссыздарды жолдау мақсатында бос жұмыс орындары жәрменкесі өтті. Аталған шара Қазақстан Республикасының еңбек нарығын дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы аясында өткізілді. Нәтижесінде бірнеше жұмыс берушілердің ұсынған әртүрлі мамандық бойынша тұрақты бос жұмыс орындарына үміткерлер жолдама алды.

Айта кетейік, өткен жылы Мансап орталығының ұйымдастыруымен 5 рет «Бос жұмыс орындарына» жәрмеңк ұйымдастырылып, жұмыссыз азаматтар мен нысаналы топқа жататын азаматтар жұмыспен қамтылды. Аталған іс-шараға Түркістан қалалық пробация қызметі есебіндегі он бес сотталған қатыстырылып, жұмысқа орналасуға ниет білдірген азаматтар жұмыс берушілерден кеңес алды.

Бұл жәрмеңкенің басты мақсаты – бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандарды, сондай-ақ пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандарды тұрақты жұмыспен қамту. Жалпы іс-шараға қатысқан пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарға жұмыс берушілер бірнеше тұрақты жұмыс орнын ұсынды. Жәрмеңкеге қатысқан соталған азаматтар жұмысқа орналасу үшін жолдама алды. Олар электронды үкіметтегі Enbek.kz сайты арқылы жұмыс беруші мекеменің бос жұмыс орнына өтініш қалдырады.
– Пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтар жәрмеңке барысында ұсынылған бос жұмыс орындарынан өздеріне лайықты жұмысты қарап, сайт арқылы өтініш қалдыратын болады. Жалпы, мансап орталығымен бірлесе атқарған жұмыстарымыздың нәтижесінде біршама сотталған азаматтар жұмыспен қамтылды. Сонымен қатар, өздерінің шағын бизнесін ашуды жоспарлап жүргендер де мамандардан кеңес алып, бизнес ашудың жолымен танысты. Алдағы уақытта жұмысқа орналысып отбасыларына материалдық көмек көрсете алады. Мұндай іс-шаралар өмірде қателік жасап, шалыс басқан жандарды қоғамға бейімдейді. Сондай-ақ, жұмыссыз үйде бос жатпай, отбасын асырауға да мүмкіндігі бар. Қылмысқа бой алдырған адамдардың басым бөлігінің тұрақты жұмысы жоқ. Жұмыссыз үйде отырған адам ақша табу үшін ұрлық немесе тонау секілді қылмысқа баратыны белгілі. Осындай қылмыстарды болдырмау үшін сотталған азаматтарды жұмысқа орналастырып, оларды өзіміз бақылап отырамыз, – деді Түркістан қалалық пробация қызметінің аға инспекторы Жанболат Абдрахманов.

Пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандар жұмыс берушілердің ұсынған жұмыстарына орналасуға ниет білдіріп, осындай мүмкіншілік берген пробация қызметінің қызметкерлеріне алғыс білдіруде.

– Мен Түркістан қалалық пробация қызметінің есебіне тұрғаныма көп уақыт болған жоқ. Әрине, өзімнің қателігімді түсінемін. Пробация қызметіне тіркеуге тұрған күні инспекторым қалалық мансап орталығына тіркеуге тұрғызды. Міне бүгін «Бос жұмыс орындары» жәрмеңкесінде мамандардан кеңес алып, «Түркістан-Сервис» мекемесіне жұмысшы болып жұмысқа жолданып отырмын. Осындай қысқа уақытта жұмысқа орналасамын деп ойлаған жоқ едім. Адал еңбегіммен отбасымды асырауыма мүмкіндік берген пробация қызметінің қызметкерлеріне алғыс айтамын. Алдағы уақытта құқық бұзбауға тырысамын, – деді пробация қызметінің есебінде тұрған Асан есімді азамат.

КӨКШЕТАУДА ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ ПӘНІ МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ ФОРУМЫ ӨТТІ

3 мамырда Көкшетауда қазақ тілі мен әдебиеті пәні...

Сотрудники-наставники акмолинского ДУИС организовали работу по патриотическому воспитанию молодежи

Патриотическое воспитание подрастающего поколения, молодежи - актуально на всех...

Сотрудники акмолинского ДУИС посетили соседнюю область, в рамках профориентационной работы

Сельские школы Еленовки, Шалкара и Лобаново Северо-Казахстанской области посетили...

Ақын Маралтай Райымбекұлы Ыбыраев жазалы балалармен кездесті

Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша қылмыстық-атқару жүйесі...

В кабинете НВП школы сотрудники УИС открыли кадетский уголок

В начальной школе им. Алтынбике Бертаевой села Достык Енбекшиказахского...