Түркістан облысының полицейлері мал ұрлығына күдікті екі тұрғынды ұстады

Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Түркістан облысы ПД Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері мал ұрлығына күдікті адамдар тобының қызметін тоқтатты.

Анықталғандай, Мақтаарал ауданының екі тұрғыны көршілес Жетісай ауданында орналасқан жайылымнан жылқы ұрлаған. Содан кейін күдіктілер ұрланған малды сатуды және ақшаны өз қажеттіліктеріне жұмсауды жоспарлаған.

Жедел уәкілдер олардың тұрғылықты жерін тінту кезінде, ұрланған жылқыны тәркілеп, заңды иесіне қайтарды.

Бүгінгі таңда күдіктілердің жалпы сомасы миллион теңгеден асатын мал ұрлығының 2 фактісіне қатысы бар екені белгілі болды. Күдіктілер қамауға алынып, тергеу жүргізілуде. Оқиғаның толық мән-жайы анықталуда.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Состоялось мероприятие посвященное Национальному дню домбры

5 июля 2026 года в учреждении минимальной безопасности №21...

Ұлттық домбыра күні: №10 мекемеде ұлттық өнер ұлықталды

Ұлттық домбыра күніне орай Алматы және Жетісу облыстары бойынша...

Абай облысы бойынша ҚАЖД орташа қауіпсіздік мекемесінде жазғы спартакиаданың салтанатты жабылу рәсімі өтті

Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің орташа қауіпсіздік мекемесінде...

Торжественное закрытие летней спартакиады состоялось в учреждении средней безопасности ДУИС по области Абай

В учреждении средней безопасности Департамента уголовно-исполнительной системы по области...