Түркістан облысында полиция 128 миллион теңге болатын ұрланған малды иелеріне қайтарды

Түркістан облысының аумағында мал ұрлығының алдын алу және жолын кесу бойынша полицейлер жедел-профилактикалық іс-шаралар кешенін жүргізу нәтижесінде мал ұрлығының тіркелімі 46,5%-ға төмендеді.

Полиция қызметкерлерінің жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 15 қылмыстық топтың қызметі тоқтатылды. Мал ұрлығының 50 фактісіне қатысы бар 35 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Ұрланған малдың 567 басы заңды иелеріне қайтарылды, оның ішінде 78-і жылқы, 107-сі ірі қара мал болса, 380-нен астамы ұсақ мал.

Сондай-ақ полиция ветеринариялық қызметпен бірлесіп ұрланған мал мен ет өнімдерін тасымалдаудың ықтимал аймақтарына блок-бекеттер орнатты. Жайылымдар мен сауда нүктелері, базарлар, мал сою пункттері, мал мен ет өнімдерін тасымалдайтын автокөліктер тексерілді. Ветеринариялық нормалардың сақталуын растайтын құжаттарға бақылау жүргізілді.

Осы бағыттағы жұмыс нәтижесінде ауыл шаруашылығы жануарларын жаю ережелерін бұзудың 5781 фактісі анықталды. Ветеринария саласындағы заңды бұзғаны үшін 930-дан астам адам жауапқа тартылды. Оларға қатысты 76 миллион теңгеден астам әкімшілік айыппұл салынды.

Айта кетейік, бұл шаралар мал ұрлығының алдын алуға және облыстағы құқықтық тәртіпті нығайтуға бағытталған. Сонымен қатар халық арасында мал ұрлығының алдын алу бойынша ақпараттық парақшалар таратылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Өз кезегінде полиция мал ұрлығына қарсы іс-қимыл және азаматтардың сенім деңгейін арттыру бойынша жұмысты белсенді жалғастыруда, бұл қылмысқа қарсы күрестің маңызды аспектісі болып табылады.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Қазақстан орман-климаттық жобаларға инвестиция тарту үшін жаңа мүмкіндіктер ұсынады

Астанада Париж келісімі аясында Қазақстанда көміртегі жобаларын дамытуға арналған...

Соттың белсенді рөлі – әділ сот төрелігінің негізі

Құқықтық мемлекет қалыптастыруда сот жүйесінің алатын орны ерекше. Себебі...

Реформалар жұмыс сапасын жақсартуды көздейді

Мемлекет басшысы айтқандай «Әділ сот мемлекеттің берік тірегі ретінде...

Сот отырысының хатшысы болу – жауапты міндет

Сот төрелігін жүзеге асыруда судьяның қызметімен қатар, сот отырысының...

Жошы  Ұлысының тарихи-мәдени мұрасын зерделеудің жаңа кезеңі басталды

Алматыда Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясының «Жошы...