Түкіргендерге салынатын айыппұл мөлшері қанша?

Ішкі істер министрлігі Massaget.kz тілшісі жолдаған ресми сауалға жауапта көшеде түкіретіндер қалай анықталып жатқанын, оларға қандай жаза бар екенін айтты.

Қоғамдық орындарды, саябақтарды, скверлерді ластағандарға, коммуналдық қоқыс шығарғандарға (ӘҚБтК-нің 434-бабы, 2-бөлігі) он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады. Бұл құқықбұзушылықтар әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталанса, жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады.

ІІМ көп түкіретіндермен қалай күресіп жатыр?

ІІМ мәліметінше, қоғамдық орындарды ластаудың алдын алу үшін «икемді патрульдеу» әдісі қолданылады.

«Мұндай патрульдік жасақтар ең көп зардап шеккен учаскелерде қойылады. Осылайша әртүрлі құқықбұзушылықтарға тосқауыл қойылады», — деп жазылған жауапта.

Сондай-ақ, жаппай бейнебақылау жобасы жүзеге асырылады. Бүгінде елімізде 1 миллион 300 мыңнан аса бейнекамера жұмыс істейтіні белгілі болды.

«Бейнекамералар қиылыстарда, тұрғын үйлердің аулалары мен кіреберістерінде, сауда нысандарында, ойын-сауық орындарында, яғни азаматтар көп шоғырланған жерінде орнатылған. Құқықбұзушылықтардың көп бөлігі осы бейнекамералар арқылы анықталады», — деп жазылған хабарламада.

Қазақстандағы негізгі ҰБТ кезеңі қашан басталады?

Қазақстанда негізгі ҰБТ-ға өтініштерді қабылдау 11-25 сәуір аралығында өтеді.

Еліміздің бірқатар аймақтарында ауа райы бұзылады

"Қазгидромет" РМК синоптиктері бүгін елдің бірнеше өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады.

Алматыда 5 мыңға жуық көлік айыппұл тұрағына қойылған 

Алматыда 8 күнге созылған "Стоп-бұзушылық" жедел алдын алу шарасы 15 мыңға жуық жол қозғалысы ережесін бұзу фактісі тіркелді.

Әлеуметтік желілерге кіру шектелуі мүмкін

2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап Грекияда 15 жасқа толмаған пайдаланушылар үшін әлеуметтік желілерге кіру шектелуі мүмкін.

Мұнай бағасының құбылуы: Қазақстанда дайын сценарий бар – вице-министр  

АҚШ пен Иран арасындағы жағдайдың шиеленісуі және әлемдік мұнай бағасының құбылмалылығы аясында Қазақстан мұнай-газ саласының тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге басымдық беріп отыр.