Туды көлікке ілуге бола ма? Министрлік мәлімдеме жасады

Мәдениет және ақпарат министрлігі мемлекеттік туды көлікке іліп жүруге қатысты пікір білдірді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тәуелсіздік күні мерекесінде әлеуметтік желі қолданушылары туға көлік безендірген жүргізушілердің жол полициясы қызметкерлері тарапынан тоқтатылғаны туралы айтып жазған.

Ішкі істер министрлігі осы мәселеге қатысты мәлімдеме жасаған еді.

Олар мемлекеттік туды көлікке ілу заң бұзу емесін айтып өтті.

«Кейбір қазақстандықтар мерекелік шаралар кезінде жол қозғалысы ережелерін бұзып, басқаларға кедергі келтіріп, көшелерді жауып тастаған», — делінген жауапта. 

Сонымен қатар, ІІМ көліктерді заңсыз тоқтату дерегі тексерілетінін және кінәлі полицейлердің жазаланатынын айтты.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұстанымы қандай?

Министрлік мемлекеттік туы көлікте орналастыру әкімшілік жауапкершілікке тартылмайтынын растады.

«Мемлекеттік рәміздерді қолданудың заңмен белгіленген ережелері бар. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі олардың дұрыс қолдану тәртібін қадағалайды. Біз азаматтардың патриоттық сезімін білдіру, қазақстандық бірегейлікті сақтау, ел мен азаматтардың жетістіктерін насихаттау мақсатында мемлекеттік рәміздерді пайдалануды қолдаймыз, бірақ ол қолданыстағы заңнама шеңберінде жүзеге асуға тиіс», — делінген жазбада.

Сондай-ақ, олар мемлекеттік символдарды қолдану Қазақстан заңдарымен реттелетінін және министрлік олардың қолданылуын бақылауды жүзеге асыратынын еске салды.

Радикализм: угроза нацбезопасности?

МАЖИЛИСМЕНЫ ПРИЗЫВАЮТ К РЕШИТЕЛЬНОМУ ПРИНЯТИЮ МЕР ДЛЯ ЗАЩИТЫ НАЦИОНАЛЬНЫХ...

Қазақстандағы негізгі ҰБТ кезеңі қашан басталады?

Қазақстанда негізгі ҰБТ-ға өтініштерді қабылдау 11-25 сәуір аралығында өтеді.

Еліміздің бірқатар аймақтарында ауа райы бұзылады

"Қазгидромет" РМК синоптиктері бүгін елдің бірнеше өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады.

Алматыда 5 мыңға жуық көлік айыппұл тұрағына қойылған 

Алматыда 8 күнге созылған "Стоп-бұзушылық" жедел алдын алу шарасы 15 мыңға жуық жол қозғалысы ережесін бұзу фактісі тіркелді.

Әлеуметтік желілерге кіру шектелуі мүмкін

2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап Грекияда 15 жасқа толмаған пайдаланушылар үшін әлеуметтік желілерге кіру шектелуі мүмкін.