Туған күнінде ерлік танытты

Алматы және Жетісу облыстары бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкері, әділет подполковнигі Сандуғаш Ереулиева өз туған күнінде жоғары азаматтық жауапкершілік пен кәсіби дайындықтың үлгісін көрсетті.

Демалыс уақытында сауда үйіне барған ол бутиктердің бірінде өрттің тұтанғанын байқайды. Төтенше жағдай кезінде абдырап қалған қызметкерлер мен келушілерге қарамастан, ол дереу әрекет етіп, адамдарды қауіпсіз аймаққа эвакуациялауды ұйымдастырды.

Жағдайдың ушығуына жол бермей, қолда бар өрт сөндіргіш құралдарын пайдаланып, өрт сөндіру қызметі келгенге дейін жалынды дер кезінде ауыздықтады.

Жедел әрі сауатты әрекеттің нәтижесінде өрттің таралуы тоқтатылып, адам өмірі мен мүлікке келуі мүмкін қауіптің алдын алынды.

Бұл оқиға құқық қорғау органдары қызметкерлерінің кез келген жағдайда кәсіби біліктілік пен сергектікті сақтайтынын айқын дәлелдейді.

Абай облысы бойынша ҚАЖ әйелдер колониясында мәдени-көпшілік іс-шара ұйымдастырылды

Абай облысы бойынша ҚАЖ әйелдер колониясында жаз мезгілінің көтеріңкі...

Заң мен тәртіп – әрбір отбасының құндылығы

Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №19 мекемесінде «Заң...